Қарағандыда Қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар жалғасуда. ЖЭО-3 алаңында жылу өндіру қуаттылығы кемінде 200 Гкал / сағ болатын қатты отынмен жұмыс істейтін су қыздырғыш қазандығын салу жоспарлануда.
ЖЭО-1-де су қыздырғыш қазандығын қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізіледі – шаң көмірмен жұмыс істейтін 3хПТВП-100 қазандығы – замануи, экологияға зияны аз 3хКВ-Т-128-150 агрегатына ауыстырылады. Бұл зиянды шығарындыларды едәуір азайтады.
Қалдықтарды азайтудың тағы бір бағыты – газдандыру жұмыстарын жалғастыру. Төрт кезең бойынша 28 мыңнан астам жаңа абонентті қосу жоспарланған. Негізінен, бұл – жеке тұрғын үй секторындағы үйлер.