Бүгін, 16 шілде күні Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы синтетикалық есірткі заттарының жарнамалық жазбаларын жоюға бағытталған рейд ұйымдастырды.
Биылғы жылдың басынан бері осындай 40 рейд өткізілген. Қала көшелерінде жазылған 2000-нан астам жарнама жазуы боялып, жойылды.
Рейдке полицейлер, қоғамдық тәртіп сақшылары, Kind QJ еріктілері, блогерлер, спортшылар және белсенді жастар қатысты.
Қарағандыда синтетикалық есірткілердің жарнамасын жоюға арналған рейд өтті