13 мамыр күні Атырау облысында бір айда астам су тасқынына қарсы тапсырмалар орындаған Ұлттық ұланның 500-ге жуық әскери қызметші үйлеріне оралды. Ұландықтарды Жаңа Қарағанды станциясынан бастап туған туыстары қарсы алды. Батырларды ұлықтау сонымен аяқталмады, отбасы мүшелерінің басым бөлігі әскерилер қызмет ететін 5451 әскери бөлімінің аумағында ардагерлер, өңір қолбасшылығы мен әскери дирижердің авацияларымен қарсы алды.
16 мамырда әскери бөлімнің саптық алаңында әскерилерді мадақтау шарасы өткізілді. Салтанатты шара Атырау облысына жөнелтілген жедел топтың басшысы бөлім командирі подполковник Рауан Омаровтың Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбековке жеке құрамның толық құрамды оралып, қойылған тапсырманы орындағаны жайлы баянатымен жалғасты.
Шара барысында әскерилер ІІМ орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың бұйрығымен қызметтегі ерең еңбектері үшін «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі», «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілерімен, грамота, алғыс хаттармен, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың, Әлихан Бөкейханов ауданының әкімі Досбол Кулекеевтің, , Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Марапаттау сәтінен тыс қалмай отбасының ошақ иелері мен Отан қорғаушылардың ардақты аналары да мадақталды. Осы орайда Қарағанды қаласы маслихатының қоғамдық кеңесі атынан кіші сержант Ернұр Ахановтың жұбайы Жансая Бағдатқызы «Әскери қызметшінің жұбайы», аға сержант Жеңісбек Аманбаевтың жұбайы Мадина Бақытқызы мен кіші сержант Нұрсұлтан Ермекбаевтың жұбайы Ания Ахмедқызы «Кәсіби сержанттың жұбайы», 2 жедел мақсаттағы батальонының сарбазы Ержанұлы Әділжанның анасы Айсұлу Жақанқызы мен аға сержант Ринат Қонқаевтың анасы Маржан Ыбырайқызы «Отан қорғаушының анасы» медәлімен марапатталып биік тұғырдан көрінді.
Құттықтау сөзінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асанов Бауыржан Қоңырбайұлы әскерилерге алғысын білдіріп, әкімшілік тарапынан барынша қолдау көрсететініне сенім білдірді.
— Сарбаздар, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер, құрметті қонақтар! Елімізде күрделі жағдай қалыптасып, алапат су тасқыны орын алғаны бәрімізге мәлім. Мемлекет басшысы «Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек» деген болатын. Осындай қиын қыстау уақытта да біздің Ұлттық ұланның жауынгерлері де тыс қалмады. Сіздерге қойылған қызметтік-жауынгерлік тапсырманы абыроймен, қайраттылықты үлгі тұтып адал орындап келдіңіздер. Ол деген «Орталық» өңірлік қолбасшылықтың беделін асқақтату. Сіздерге қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміздің болашағы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жаңа берсін., — деп Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков әскерилерге өзінің алғысын білдірді.
Құттықтаудан өңірдің ардагерлер кеңесі, сарбаздардың аналары мен отбасы мүшелері де әскери қызметшілердің атқарылған істеріне ізгі тілектерін білдірді.
Шара соңы салтанатты шерумен ұласты.
Атап өтсек сәуір айында еліміздің бірнеше аумағында қызыл суға қарсы әрекеттерде Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері тапсырмаларын абыроймен орындап, халықтың ілтипатына бөленген болатын.
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.