Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні 15:30 да “Орталық” өңірлік қолбасшығы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ефрейтор Асхат Байсеитов, ефрейтор Қыдырбай Ерлан, ефрейтор Вячеслав Қожахметов 3 сынып сержанты Михайл Бубнов қызметке бара жатқан жолда Долинка кентіндегі тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқады. Оқиға орнына бірден жеткен ұландықтар еш ойланбастан өрт шалған үйге кіріп, іште қалған үш баланы сыртқа алып шықты.
Әскерилер тек балаларды ғана емес, үй ішінен жарылыс қаупі бар 50 литрлік газ баллонын да қауіпсіз жерге шығарды.
— Бұл біздің міндетіміз! Біз қызметке бара жатқан сәтте өрт шалған үйді байқап бірден көмекке кірістік, бұл әрекетімізді батылдық деп санамаймыз бұл біздің қызмет-деп атап өтті ұландықтар.Қазіргі уақытта өрт орнында өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілердің жедел және батыл әрекеттері үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.
Бұл оқиға әскери қызметшілердің тек ел қорғау ісінде ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтауда да әрдайым дайын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі