Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толып отыр. Жеңіс күні – барлық  адамзат үшін және ұрпақ үшін, ұлы баға жетпес тарихи мереке. Бұл мереке – бейбітшілік  пен қайырымдылықтың мәңгі  жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлер ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Менің әкем Байшағыров Смағұл Отан соғысының ардагері (1919-1996) Шет ауданы 2 ауылында дүниеге келген.

Майданға 19 жасында  Шет ауданының әскері комиссариатынан 17.10.1939 жылы шақыртылған әріптік кітабы, 23-ші бет, №170. Соғыстан алған бірнеше марапаты бар. «Қызыл Жұлдыз» және «Қызыл Ту» ордені иегері.  32-атқыштар бригадасында қызмет еткен. «Үздік артиллерист» кеуде белгісімен марапатталған. Отанды қорғаймын деп Жапония, Чехославакия, Польша, Карелия, Балтық теңізі жерінде ұрысқа қатысты. Соғысты Дюссельдорф қаласында аяқтады. Жеңістің 20, 30, 40, 50 жыл арналған медалы бар. Сонымен қатар Жоғары қолбасшы Сталиннің Мақтау қағазы айбыны  мен ерлігі үшін берілген.

Соғыстан оралғаннан кейін ел басқару ісіне араласқан. Бұрма совхозының 1957 жылдары алғашқы парторг және кадр бөлімін басқарған. Бұрма ауылы Шет ауданы  аудандық Мәслихаттың шешімі бойынша 30 қараша 2001 жылы Бұрма ауылының бір көшесіне С.Байшағыров аты берілген. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығында Бұрма ауылында мемориалдық тақтаның ҰОС ардагері тізімінде тіркелген. Шет аудандық археологиялық-этнографиялық және Қарағанды  облыстық тарихы-өлкетану мұражайларында тарихы құндылықтары архив  көрмелерінде өмірбаяны жазылған. Бұл өзі бейбіт өмірде мақтаныш пен патриотизм емес пе? Мұра қалдырған, ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршынан қиюға дайын болған ардагеріміз бүгінде  жоқ, әрине бұл жайт көнілге әсер салады.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен  жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыздың аспаны мен туы биікте болсын! Енді соғыс болмасын!

Соғыс ардагері Майқановтар әулеті,

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Бұрма ауылы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *