Қарағандылық құрама 34 — жылдығын тойлады…

1990 жылдың 31 мамырында Қарағанды қаласында КСРО Ішкі әскерінің дивизиясы құрылған болатын. Құраманың алғашқы командирі болып полковник Бондарев Петр Тихонович тағайындалды. 34 жылда бірнеше ауыспалы кезеңнен өткен даңқты құрама қазіргі кезде Ұлттық ұланның Орталық өңірлік қолбасшылығы болып міндетін орындап келеді.

Орталық өңірлік қолбасшылығының аумағында бөлім күніне орай салтанатты шара өткізілді. Шараны Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы міндетін уақытша атқарушы полковник Ильяс Сағындықов бастады.

— «Тарих бетіне үңілсек біздің өңірлік қолбасшылық ең көне құрылымдардың бірі. Кешегі күннен бастап ардагерлеріміз құттықтап өздерінің ізгі тілектерін білдіріп жатыр. Баршаңызды құттықтап, қызметтік табыс тілеймін, — деді полковник Ильяс Ниязұлы.

Жауынгерлік жолында өңірлік қолбасшылықтың (ол кездегі дивизияның) жеке құрамы 1990-1992 жылдардағы Азербайджан Баку қаласындағы лаңкестерге қарсы операция, Астана қаласының Ел ордасы болып ашылу салтанатында, Жанаөзен оқиғаларында, 2023 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке қарсы операцияларында, 2024 жылғы су тасқынына қарсы әрекеттеніп міндеттерін адал орындап келді.

Айта кететін жәйт, өзінің жауынгерлік жолында Орталық өңірлік қолбасшылығының құрылған күнінен 8 командирі жоғарғы әскери шен «генерал-майор» атанды.

Шара барысында өңірлік қолбасшылықтың біршама әскерилері грамоталармен марапатталды.

Салтанатты шара соңы Қарағанды қаласының Қали Байжанов атындағы өнерпаздар қауымы мен әскери бөлімдердің концерттік бағдарламасымен ұласты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *