Ауылдың төлқұжаты

Биыл Шет ауданы, Ақадыр кентіне қарасты Ақсарылы ауылына 60 жыл толып отыр. Ақсарылы елді мекені 1965 жылы «Ақадыр» кеңшарының құрылуымен байланысты.

Ақадырдан 25 шақырым қашықтықта, Айыртау, Ақсарылы, Доңғал тауларының ортасына кеңестік шаруашылығының орталығы салынып, жан-жақтағы бөлімшелері мен қыстақтарында жылқы, қой малы өсірілген. Алайда, 1994 жылы Үкіметтің қаулысымен кеңшар мемлекет иелігінен кетіп, жекешеленуге жатты. Бүгінгі таңда ол жерде 50-ден астам шаруа қожалықтары мал өнімін өндіріп өз кәсіптерін жалғастыруда.

Мерейтойлық шараларға байланысты былтыр ауылдың қазіргі тұрғындары және жан-жақтан келген байырғы түрғындар бірігіп құрылтай өткізген болатын. Ол жиында ұйымдастыру алқасы құрылып, 2025 жылы жаз айларында мерекелік шаралар өткізу жоспарланды.

Сол іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында бірнеше күн бұрын Ақсарылы ауылына кіреберісте арнайы стелланың (ауылдың аты, қысқаша тарихы көрсетілген) ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Бұл стелла ауылдың төлқұжаты іспеттес.

Салтанатты рәсімге Астана қаласынан, Қарағанды, Ұлытау облыстарынан, басқа да еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген қонақтар келді. Жиналған қауымды Ақадыр кентінің әкімі Қойшыбаев М.Ж., алыстан келген қонақтар Көкжалов Ф.З., Сметов Б., ауыл ақсақалы Құрманбеков Е., орнатылған стелланың авторы Нұрғалиұлы Қ., Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шет ауданының Құрметті ардагері Бекқожин Қ.Қ., мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының төрағасы Серіков  Б.Қ. құттықтап, шаруашылықты басқарған басшыларын, еңбек еткен адамдарын, олардың қосқан үлестерін атап өтті.

Лента қию рәсімінен кейін Ақадыр кентінің Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы өнерпаздары өздерінің шағын концертін ұсынды.

Ақсарылы ауылының 60 жылдық мерейтойы үстіміздегі жылдың 5 шілде күні Айыртаудың барайында өтеді деп көзделіп отыр. Шаралар барысында ұлттық ойын, ат спортынан жарыстар ұйымдастырылып, ақшанқан киіз үйлерде ас беріледі.

Қалижан БЕКҚОЖА,

Ақадыр кенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *