Республика күніне орай «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Жол-көлік факультетінің ТТ-24-1, ТТ-24-1с кураторы Л.Күлейменова, Лог-24-2, Лог-24-2с кураторы К.Нұржанова, ОП-24-1с кураторы М.Оспанғалиева кураторлық топ студенттерімен «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбына викторина өткізді.
Басты мақсаты – студенттердің отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, оларды отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету және достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Аталмыш викторинаның шарты «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбына презентация әзірлеу. Презентация тақырыбы негізінде сұрақ-жауап, ойын, миға шабуыл технологиясын қолдана отырып, тапсырмалар мен сұрақтар дайындау. «Қазақстан», «Отан», «Туған жер» тақырыбына жатқа өлең оқу. «Нақыл сөздер», «Мақал-мәтелдер» сайысы. «Қазақстан» тақырыбына викториналық сұрақтарға жауап беру.
Сайысқа ЛОГ-24-2, ТТ-24-1, ОП-24-1 студенттері топқа бөлініп, өздері әзірлеген қойылымдарын ұсынды. Викторина шарттарын толық орындап, сұрақтарға жауап берді.
Викторина барысында ең үздік перезентация үш тілде қорғалды. Студенттер М.Жұмабаев «Туған жер», Қ.Аманжолов «Туған жер», М.Мақатаев «Отан» өлеңдерін жатқа оқып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша ЛОГ-24-2 тобы – 1 орын, ОП-24-1 тобы – 2 орын, ТТ-24-1 тобы – 3 орынды иеленді.
Нұргүл ҚОҢЫРОВА,
Әбілқас Сағынов атындағы
Қарағанды техникалық университеті
қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы