Балаларға базарлық

1 маусым, Халықаралық балаларды қорғау күні Қарағанды хайуанаттар бағында нағыз мерекелік кеш өтпек. Келушілерді көбік кеші, ходулистер қойылымы, трансформерлер шоуы, «Карамелька» студиясының аниматорлары, музыкалық концерт және тірі қуыршақтар күтеді. Басталуы 12:30.

– Мереке бірнеше алаңда өтеді. Келушілерді «Карамелька» студиясының балалар ойын-сауық бағдарламасы (аниматорлар, қуыршақтар, сабын көпіршіктері бар дискотека), Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің әртістерінің қатысуымен музыкалық бағдарлама, тірі қуыршақтармен фотосессия, аттракциондарда сырғанау күтеді. Сондай-ақ арнайы Астанадан көбік кешінің ұйымдастырушылар мен ходулистерді шақырдық. Бұдан басқа, көптеген тосынсый болады, – деді хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *