Теміржол қауіпті аймақ екені баршамызға аян. Теміржол күн сайын мыңдаған адамның қозғалысы жүзеге асатын маңызды көлік инфрақұрым болатындықтан, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда.
Жаңа оқу жылының қарсаңында барлық сала өкілдерінің жұмысы да күшейтілген түрге көшіп, жауапкершілік артатын, ал ата-аналардың алаңдауы басымдылық танытатын кезеңнің басталған уақыты.
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Қарағанды-Сұрыптау станциясы көліктегі полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлім қызметкерлері Қарағанды қаласының №61 жалпы орта білім беру орнына арнайы барып, мектептің салтанатты таңғы мерекелік жиынына қатысып, барлық қатысушыларды оның ішінде мектеп табалдырығын енді аттап жатқан бүлдіршіндерді білім күнімен құттықтап, мектеп ұжымына ізгі тілегін білдірді.
Онымен қоса, балалардың назарына теміржолды өту кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау тақырыбында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.
Ата-ананың, ересектердің жеке үлгісі мен үлкендер тарапынан тұрақты бақылауының болуы бұл балалардың қауіпсіздігінің негізі болып табылатынын естен шығармайық.
Тәртіп сақшылары барлық оқушылар мен ата-аналар қауымын көлік объектілерінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
Ж.А.САДУАҚАСОВА,
Қарағанды-Сұрыптау ст. КПБ
АСт инспекторы
полиция майоры
