Балық та байлық көзі немесе Таңатбайдағы тындырымды істер

«Таңатбай» су қоймасы 2006 жылдан бастап «Агропрормемстрой» ЖШС табиғат пайдаланушысына бекітіліп берілген. Осы 20 жыл ішінде табиғатты пайдалану бойынша барлық шарттық міндеттеме мен шаралар жұрттың көңілінен шығып, жоғары дәрежеде орындалып келеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес су объектісінің жағалауларын қамтиды. Балық аулау аяқталғаннан кейін әуесқой балықшылардан тоқтаған орындарын қалай болса, солай шашып кетпей, қоқысы болса жинастырып жүруді талап етеді. Автокөлік тұрақтарына арналған орындар, спорттық-әуесқойлық балық аулауға жолдамалар беру ретке келтіріліп, жұртшылықтың көңілінен шығатындай етіп жабдықталған.
Жыл сайын көлден 10 500 дана мөлшерінде тұқы, сазан, табан және басқа да балықтарды аулау жүзеге асырылады. Көл жағасындағы қатты өсімдіктерді шабу, қысқы кезеңде мұз бетінде ойықтары бұрғылау жұмыстары да уақытымен орындалады. Осы өткен жылдар ішінде тоғандағы балықтардың қатып қалу оқиғасы болған жоқ. Көктемгі кезеңде қар еріп, тасқын, қызылсу жүргенде оқыс оқиғалар болмас үшін тиісті шаралар уақытымен жүргізіліп отырады.
Соңғы он жылдан бергі уақытта көл жағасындағы қорықшылар браконьерліктің бірде-бір оқиғасына жол берген жоқ. Жыл бойы өздерінің атқарып жүрген қызметтерін абыроймен атқарады.
Табиғат пайдалану ұйымының басшысы, «Таңатбай» су шаруашылығының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, Құрметті құрылысшы Сатыбалды Аманбекұлы Жолдыбаев 1985-1987 жылдары осы көлдің жағасындағы құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысқан еді. Қазір сонда шаруашылықты абыроймен басқарып, халқы үшін игілікті істерді атқарып жытр. Сондай тындырымды жұмыстары үшін 2025 жылы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Комитетінің Алғысхатымен марапатталды.
Демалушылардың, балықшылардың және жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Таңатбай көлін күтіп ұстауда келелі жұмыстарды тамаша орындай беруіне және табиғат ананы қорғау ісінде жасап жатқан істеріне одан да зор табыстар тілейміз.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ