Қаржы пирамидасы – қазіргі қоғамдағы ең қауіпті құбылыстардың бірі. Олар адамның тез пайда табуға деген асығыс табиғи құлшынысын пайдалана отырып, сенімін теріс мақсатта қолданады. Осындай схемаларға алданып қалған адамдар көбіне өз өмірін жақсарту, отбасылық жағдайын көтеру және де болашағына инвестиция жасау мақсатында әрекет етеді. Бірақ бұл адамдардың көпшілігі материалдық шығынға ұшырап қана қоймай, моральдық күйзелісқа ұшырап, болашаққа деген сенімін жоғалтады.
«LV Force», «Qnet», «Unique Finance», «Великое будущее» және басқа да қаржы пирамидаларын құру мен ұйымдастыру фактісі бойынша сот үкімі шыққан жобалардың тізімі көрсетілген. Осы тізімнен өзімізге ең жақын және танымалы «Qnet» компаниясын қарастырсақ, 2018-2020 жылдары Алматы, Астана, Қарағанды қалаларынан алданып зардап шеккендер саны жетерлік. Сол көпшілік қаржы пирамидасында болашағынан айырылып, армандарын көміп кетті.
Ал 2024 жылы Қазақстанда қаржы пирамидасына қарсы күрес белсенді өтті. Сол жылы «ҚМА» 68 қылмыстық істі тіркеді. Сонымен қатар бірінші жарты жылдықта 36 қаржы пирамидасы анықталып, 200-ден астам WhatsApp/Telegram чаты жабылған. Бірақ адамдардың ашкөздігі мен материалдық жағдайының жоқтығы жүздеген миллиард теңге шамамен 20 млрд теңгенің қара түтінге айналуына алып келді.
Бірақ сонда да көптеген азамат әлі де «Қаржы пирамидасының» қақпанына түсіп зардап шегіп, өз болашақтарын құрбан етеді. Сонымен қатар, қаржы пирамидалары қоғамға тек жеке деңгейде емес, жалпы экономикалық деңгейде де зиянын тигізеді. Халықтың қаражаты осындай алаяқтық схемаларға құйылғанда, экономикаға ешқандай пайда әкелмей, керісінше кесірін тигізеді. Өндіріс дамымай, жаңа жұмыс орындары ашылмайды. Миллиондаған теңге көлеңкелі айналымға кетіп, мемлекеттің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін. Қоғамның экономикалық дамуын тежеп, халықтың заңды бизнеске деген сенімін төмендетеді.
Тағы да айта кетерлік жайт – адамдардың қаржылық сауаттылығы. Қаржылық сауаттылық – бүгінгі кезде әр адам үшін аса маңызды машыққа айналды. Қаржыны реттей білу тек байлыққа жетудің емес, тұрақты және тәуелсіз өмірдің басты алғышарты. Қаржысын сауатты басқаратын, табысын жүйелі жоспарлайтын және тәуекелді дұрыс бағалайтын адам қаржы пирамидаларына алданып, өз өмірі мен болашағын талқан етуіне жол бермейді.
Және де адамды қаржы пирамидаларына итермелейтін жағдайлардың бірі – оның материалдық жағдайы. Материалдық жағдайы нашар болғандықтан, адам ақшаны тез әрі оңай табу жолын мүмкіндік ретінде көріп, алданып қалады. Сонымен қатар, қаржы пирамидалары тек жеке адамдарға ғана емес, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына да кері әсерін тигізеді. Халықтың қаражаты алаяқтық схемаларға кетіп, өндіріс дамымайды, жаңа жұмыс орындары ашылмайды. Бұл мемлекеттің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етіп қана қоймай, халықтың заңды бизнеске деген сенімін төмендетеді. Қаржы пирамидаларының құрбаны болған адамдар көбінесе психологиялық қиындықтарға тап болады: сенімсіздік, күйзеліс, өмірлік жоспарлардан айырылу сияқты мәселелер туындайды. Сондықтан әр адам қаржылық шешім қабылдағанда эмоцияға берілмей, ұсыныстарды жан-жақты зерттеп, тәуекелдерді дұрыс бағалауы қажет.
Қаржы пирамидаларының алдын алу үшін қоғамда қаржылық сауаттылықты арттыруға ерекше мән беру керек. Мысалы мектептер мен университеттерде қаржылық білім беру курстарын енгізу, медиа мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық науқандар жүргізу тиімді шара бола алады. Бұл адамдарға қаржылық тәуелсіздікті қалыптастыруға, алаяқтық схемалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, қаржы пирамидалары – тек жеке адамның ғана емес, қоғамның да экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін құбылыс. Қаржылық білімді арттыру, сыни ойлауды дамыту және әрбір инвестициялық ұсынысты жан-жақты талдау арқылы адам өз болашағын қорғай алады және қоғамның экономикалық дамуына үлес қосады. Сонымен бірге қаржы пирамидаларына байланысты зардап шеккендердің тәжірибесі болашақта басқа адамдар үшін ескерту ретінде қызмет етеді. Қоғамдық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде осындай жағдайларды талқылау арқылы адамдардың қаржылық білім деңгейін көтеру мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде экономикалық қауіпсіздікті арттыруға және алаяқтық схемалардың таралуына тосқауыл болуға ықпал етеді.
Сонымен мәселенің түйініне келе отырып қорытындылайтын болсақ, қаржы пирамидалары – адамдардың әлсіз тұстарына басып, олардың армандары мен үмітін күлге айналдыратын жүйе. Одан тек алаяқтардың жалған уәделеріне жүгірмей, сабырлық танытып, сыни ойлау арқылы ғана қорғануға болады. Әркім өзінің қаражатына жауапкершілікпен қарап, кез келген инвестициялық мүмкіндікті жан-жақты талдап, эмоцияға берілмей шешім қабылдауы тиіс.
Рауана АМАНТАЕВА,
студент
