Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмалары аясында цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, кейбір өңірлерде цифрлық теңгені пайдалану бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда.
Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда.Қаржылық шығыстардың ашықтығын және оны қадағалауды қамтамасыз ету үшін біз цифрлық теңге қолданылатын жобалардың санын ұлғайтуды көздеп отырмыз.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары цифрлық теңге құралын пайдалану арқылы бюджет, Ұлттық қор есебінен қаржы бағытталатын салаларды кеңейту, сондай-ақ жобаларды ұлғайту бойынша түбегейлі шараларды қабылдасын»,
— деп тапсырды Олжас Бектенов.
#Жолдау2025
#Послание2025