Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

Мемлекеттік қызмет істерінің  Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен  Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібіне сәйкес 5 мәселе қарастырылды, оның ішінде тәртіптік практиканы талдау қорытындысы, «е-Qyzmet» АЖ мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін толтыру бойынша мониторинг нәтижелері қарастырылды.

Сонымен қатар, Қарқаралы ауданы әкімінің және Теміртау қаласы әкімі аппаратының әдеп  жөніндегі уәкілінің есептері тыңдалды.

Бұдан бөлек, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша бір  тәртіптік іс қарастырылды.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті профилактикалық ұсыныстар және тәртіптік іс бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілді.

Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың өкілдері онлайн режимінде қатысып, туындаған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *