Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тариф саясатына қатысты маңызды әрі ашық ұстанымын білдірді. Президент атап өткендей, тарифтердің жасанды түрде төмен болуы қарапайым азаматтарға шын мәнінде пайда әкелмейді. Керісінше, бұл инфрақұрылымның тозуына, қызмет сапасының төмендеуіне және жүйелі мәселелердің қордалануына алып келеді.
Әділ әрі экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтер – тұрақты даму мен сапалы қызметтің басты шарты. Бұл бағыттағы реформалар ең алдымен халықтың ұзақ мерзімді мүддесін қорғауға, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет саясаты – уақытша жеңілдіктер емес, болашаққа жауапкершілікпен қарау. Ашықтық пен тиімділік қағидаттарына негізделген шешімдер елдің орнықты дамуына қызмет етеді.
