Еңбектің түбі – жеңіс

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Қарлығаш Нұржанованың жетекшілігімен ЭЭ-24-4 тобының студенті Елнұр Исахан «Қазақ тіліндегі термин сөздердің әртүрлі салалардағы қолданылысы» тақырыбымен Қaзaқстaн Республикaсы Ғылым және жоғары  бiлiм  министpлiгiнің  ғылыми-зеpттеу жұмыстapының pеспублиқaлық бaйқaуына, университет ішіндегі 1-кезеңіне қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді.

Зерттеу жұмысында студент термин сөздердің маңызы мен қажеттілігі, терминология ғылымының қалыптасуы мен дамуы, қазақ тіліндегі терминдердің тарихы мен қазіргі жағдайы жайлы баяндай білді. Терминологияның теориялық негіздері, термин мен жалпы әдеби сөздің айырмашылығы жайлы түсінік берілді. Энергетика мамандығына қатысты сөздердің мағынасы, мазмұны, қолдану аясында көптеген мысалдар айтылды. Энергетика саласында қолданылатын қазақ тіліндегі терминдер тек ғылым мен өндірісті дамыту құралы ғана емес, сонымен қатар тілдің заманға сай бейімделуінің, ұлттық рухани және интеллектуалдық мұрамыздың бір бөлігі. Сондықтан, энергетикалық терминдерді дамыту мен жетілдіру ел болашағы үшін стратегиялық маңызды қадамдардың бірі болып табылатыны сөзсіз.

Білім алып жүрген студенттердің қазақ тілінің терминдеріне деген қызығушылығы арта беретін болса, тіліміздің дамуына үлкен септігі тиері айқын.

Гүлмира САҒАТОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *