eGov mobile-ден біліңіз!

Баланың білімі туралы ақпарат енді eGov mobile мобильді қосымшасында сандық құжат түрінде қол жетімді және оны оқу орнындағы анықтаманың орнына пайдалануға болады. Енді оқу орнынан анықтама алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге барудың және оның дайын болуын күтудің қажеті жоқ.

Білім туралы мәліметтерде Т.А.Ә, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымы туралы деректер, жас тобы және балабақшадағы топтың атауы, мектептегі сынып және колледждегі топтың коды көрсетіледі. Баланың білімі туралы цифрлық деректер ата-аналарға мектептегі көлік карталарын және басқа қызметтерді рәсімдеу кезінде қажет болуы мүмкін.

«Білім туралы мәліметтер» сандық құжатын табу үшін сізге:

— қосымшаға кіру, басты бетте «цифрлық құжаттарды» басу;

— тізімді жаңартып, сандық құжатты көруге болады.

Сандық құжаттың иесі оған QR коды арқылы қол жеткізе алады, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

Құжатты енгізумен білім министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық білім беруді зерттеу және бағалау орталығымен бірлесіп айналысқан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *