Енді мүмкіндігі шектеулі жандар цифрлық кәсіптерді тегін оқиды

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қамқоршыларына IT-маман мансабын игеруге көмектеспек. Жобаға 20 маусымға дейін өтінім беруге болады.

Жобаның мақсаты-сұранысқа ие мамандықтарға оқытып қана қоймай, жұмысқа орналасуға көмек беру.

Курс төрт айлық теориялық сабақтан және екі айлық тәжірибеден тұрады. Онда оқушылар Қарағандының IT-компанияларында сыннан өтеді.

Курстарды цифрлық кәсіп мамандарын оқытуда тәжірибесі бар, халықаралық технопарктердің сертификатталған сарапшылары жүргізеді.

Оқу 5 шілдеде басталады.

Өтетін орны: «Террикон алқабы» IT-хабы (Алалыкин көшесі, 12).

Қосымша ақпарат және тіркелу телефоны: +7-776-5-444-666.

Енді мүмкіндігі шектеулі жандар цифрлық кәсіптерді тегін оқиды (www.gov.kz)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *