Қарағанды қаласының «Сарыжайлау» кинотеатрында «Таудай талап Production» компаниясының «ЕrkeБай» отбасылық комедиясының көрсетілімі өтті. Көрермендермен кездесуге түсірілім тобы келді.
– Фильмнің басында – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас. Бүгінде ересектердің көпшілігі бос емес, балалармен араласуға уақыт жетіспейді. Біздің фильмнің трейлерін көріп, көбісі оны «Үйде жалғыз қалғанда» және «Тентек бала» картиеаларымен салыстыра отырып, бұл картиналардың қазақша нұсқасы деп айтуға болады. «ЕrkeБай» — Қазақстандағы осындай алғашқы жоба. Егер ол көрерменге ұнаса, касса жиналса, болашақта жалғасы болады, – дейді «Таудай талап Production» компаниясының директоры Айдын Әлиев.
Сценарий жазуға екі айдан астам уақыт кетті, ал түсірілім 20 күнге созылды, оның 15-і Талғардағы «Маралсай» балалар лагерінде түсірілді.
Режиссері – Ернар Нұрғалиев. Басты рөлдерді Сырым Қашқабаев, Зарина Кәрмен, Расул Ғалымұлы, Әшім Ахметов, Еділ Анарбай сомдады.
– Түсірілім қыста тауларда ең суықта, негізінен түнде өтті. Бүкіл команда бірігіп жұмыс істеді, сондықтан көрермендер біздің жұмысымызды бағалайды деп ойлаймын. Түсірілім кезінде біз «Еее, ол “Үйде жалғыз қалғанда” фильмін көп қарап қойған!» деген сәтті қостық», өйткені бұл картинамен салыстырулар болатынын білдік, – деп атап өтті актер Әшім Ахметов.
«ЕrkeБай» фильмі ақша алу үшін ірі кәсіпкердің 9 жасар ұлын ұрламақ болған екі ұрлықшы туралы баяндайды. Бірақ қылмыскерлер басты кейіпкер Еркебай қойған тұзақтарға тап болады. Ұрлықшылар баланың қыңырлығы мен талаптарына бағынуға мәжбүр. Жағдай оларды өмірге деген құндылықтар мен көзқарастарды қайта қарауға мәжбүр етеді.
– Мен үшін түсірілімде күрделі ештеңе болған жоқ. Бұл фильмде мен алғаш рет каскадерлермен жұмыс жасадым, маған өте ұнады. Ия, менің кейіпкерім маған жақын. Менің ойымша, мен Еркебайды жақсы сомдай алдым. Фильм көрермендерге ұнайды деп сенемін, – дейді жас актер Расул Ғалымұлы.
«ЕrkeБай» отбасылық комедиясын бүгіннен бастап барлық кинотеатрларда, ал «Сарыжайлауда» 28 наурыздан бастап көруге болады.