21 қыркүйек күні Қарағанды қаласында «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ» науқаны өтті. Шараға «Жастар Рухы» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының белсенділері қатысты.
Науқанның негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту. Шара барысында жастарға есірткінің зияны, оның алдын алудың маңыздылығы және қауіпсіз орта қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Науқан Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың есірткі қылмыстарының алдын алу, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
«Есірткіге жол жоқ» акциясы жастардың есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуына және қоғамда салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қосуына мүмкіндік берді.
Әділ БЕК
