Филиалда жұмыс қауырт

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында жұмыс қауырт. Жыл қорытындалау бағытында күнде жиын десе де болады. Жақында отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңес пен білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде Жол картасының тармақтарының орындалуы, мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемалары және осы бағыттар бойынша шешу жолдарын талқылау қаралды.

Отырыста сөз алған Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымы Зара Хамитовна Шалабаева:

– Бүгінгі талқылаулар – аймақтағы өзекті әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешудің маңызды қадамы. Әсіресе ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Жол картасының әрбір тармағы нақты нәтижеге бағытталуы тиіс, ал біз соны қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істейміз, – деп атап өтті.

Отырыста қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, инклюзивті ортаны дамыту, арнайы білім беру мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасының амбассадоры, «Ten Qogam» орталығының жетекшісі, республикалық инклюзия кеңесінің мүшесі Нияз Амангелдіұлы Сундиталиев:

– Инклюзия – тек инфрақұрылым немесе қызмет көрсету емес, бұл – қоғамның көзқарасы. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау үшін ең әуелі түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Партияның бастамалары осы бағыттағы практикалық қадамдарды күшейтуге мүмкіндік береді. Біз ұсынған ұсыныстар өңірдегі нақты өзгерістерге жол ашады деп сенеміз, – деді.

Жиын қорытындысы бойынша Жол картасын одан әрі іске асыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау шараларын күшейту және өңірдегі әлеуметтік, білім беру және медициналық қызметтердің сапасын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, партия құрылымдарының алдағы жұмыс жоспарларында ескерілетін болады.

«AMANAT» партиясы өңірде кедергісіз орта қалыптастыру және балалар мен отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде ілгерілете береді.

Сонымен қатар Экологиялық кеңестің отырысы өтті. Отырыста өңірде партияның 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының тармақтарының орындалу мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті ұсынымдар қабылдады.

Жиналысқа  облыстық Экология департаментінің, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» өкілдері қатысты. Сонымен қатар мәслихат депутаттары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, құрылыс және ТКШ бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Отырыста өңірде экологиялық бағдарламаны тиімді іске асыру және партия бастамаларын орындау үшін мемлекеттік органдардың, салалық қызметтердің және қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

Экологиялық кеңестің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Махатчина Мира Атамаловна:

– Экологиялық мәселелерді шешу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Біз әрбір бастама мен атқарылып жатқан жұмыстың өңір экологиясын жақсартуға нақты үлес қосуын қамтамасыз етуіміз керек. Осы бағытта біз бірлесіп, жүйелі түрде жұмыс істейтін боламыз, – деді ол.

Ал өткен аптада облыстық мәслихат депутаты А.В.Ляпуновтың төрағалығымен Өңірлік даму мәселелері жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Қарағанды облысының моноқалаларын дамыту, олардың экономикалық әлеуеті, коммуналдық инфрақұрылым жағдайы, кешенді даму жоспарларын іске асыру, инвестиция тарту және жас мамандарды бекіту мәселелері қаралды.

Жиынға облыстық басқармалардың, Балқаш, Абай, Приозерск, Теміртау және Шахтинск қалалары әкімдіктерінің өкілдері, депутаттар, Кеңес мүшелері және партия филиалдарының қызметкерлері қатысты.

Андрей Ляпунов моноқалалардың дамуы өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті:

– Моноқалалардың әрқайсысы – біздің облыстың экономикалық тірегі. Инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа өндірістерді тарту және жастарды осы қалаларда ұстап қалу – ортақ міндетіміз. Кеңес барысында көтерілген ұсыныстар нақты шараларды жетілдіруге және нәтижелі іске асыруға мүмкіндік береді, – деді ол.

Талқылау қорытындысы бойынша алдынғы қатарлы даму аймақтарын құру, индустриялық аймақтарды қалыптастыру, моноқалалардағы тұрғын үй механизмдерін жетілдіру, бюджет өтінімдерін уақытында беру және ТКШ нысандарына бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар бекітілді.

Қабылданған шаралар моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы да өткен аптада жиналды.

Әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорына сатып алу,  Кеңестің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру, соның ішінде Кеңес құрамын жаңарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Кеңес мүшелері мен партияның аумақтық филиалдарына жұмыс жоспары мен Кеңес құрамына қатысты ескертулер, толықтырулар және ұсыныстар енгізу ұсынылды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ