ГЕОМЕМБРАНА ӨНДІРІСІ: ОТАНДЫҚ ӨНІМ ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРДЫ

Өндіріс ошақтарының қалдықтарынан қоршаған ортаны қорғау – күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің қатарында. Ол үшін, әрине қадағалау, бақылау жұмыстарымен қатар ауаны, топырақты, өзен мен көлді зиянды қалдықтардан қорғау мәселесіне де ерекше назар аудару керек. Ол үшін қорғаныш материалдарының қолда болғаны абзал.

Мәселен, бұрын отандық зауыт-фабрикалар өндіріс қалдықтарын шұңқырға төгетін кезде астына төсейтін төсенішті шетелден сатып алып келген еді. Ол төсенішті геомембрана деп атайды. Яғни гидроизоляциялық материал. Құрылыста, кен орындарында қалдықтарды оқшаулауға, жа­санды тоғандар мен мал қо­рымдарында қолданылады. Су өткізбейді, топырақты удан қорғайды. Ұзақ уақытқа төзімді. Екі-үш жылда тозып, түте-түтесі шықпайды. Жарты ғасыр тесілмей, ескірмей жата береді. Яғни төзімділігі мен оқшаулаудағы қасиеті жоғары. Бүгінде бұл бұйымды облыс аумағында өндіру жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр.

«Алтын Арна Geosynthetics» ЖШС-нің геомембрана зауыты тоғыз жыл бұрын жұмысын бастады. Зауыт «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Инвестор есебінен салынды. 3,7 млрд теңге қаржы салынды.

Зауыттың негізгі жобалық қуаты – 6 мың тонна геомембрана. Зауытта 50 адам еңбек етеді. Жаңа желі іске қосылғанда тағы 10 жұмыс орны ашылады. Зауыт басшылығының айтуынша, өнімнің экологияға еш зияны тимейді. Зауыт бүгінде айына 450 тонна геомембрана шығарып келеді. Қазір зауыт аумағы 4 гектардан астам жерді алып жатыр.

Өнім Қазақстанның ішкі нарығының сұранысын толық қанағаттандырып отыр. Сонымен қатар шетелге де шығарылады. Қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейде тұтынушылар қарасы артып келеді.

Компания алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жос­парлауда. Шикізат Ресей, Иран елінен келеді. Өнім ішкі нарықты қамтиды. Сонымен қатар директор Ресей, Өзбекстан елдеріне жеткізу үшін келіссөздер жүріп жатқанын айтты.

Қазақстанда өнімге сұраныс жоғары. Зауыт тауары импортты алмастырып отыр.

Зауытта елуден астам адам еңбек етеді. Бүгінде компания Қазақстанда геосинтетикалық өнім өндіру бойынша көшбасшы рөлге ие болды. Зауыт отандық геожасанды өндірісте көш бастап тұр.  Ішкі нарықтан бөлек, Өзбекстан мен Ресейге өнім экспорттайды. Отандық экономикалық саясаттағы түпкі меже – импортты алмастыру. Бұл бағытта жергілікті кәсіпорындардың үлесі қомақты.

Манас АҚСАРЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *