Инвесторға жан-жақты қолдау көрсетіледі

Облысқа инвесторларды көптеп тарту мақсатында нақ­ты жұмыс жолға қойылды. Мәселен, инвесторға ың­ғайлы болу үшін әр инвестициялық жобаға толық қолдау көрсететін арнайы маман белгіленеді.

Бүгінде «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы базасында инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Мамандар құрылысқа қажет барлық рұқсаттарды алуға, визалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ, инвестициялық келісімшарт жасасуды дайындауға көмек көрсетеді.

Былтыр әлеуетті инвесторлармен 28 кездесу өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 3 инвестор жобаларды жүзеге асыруға кірісті және 4 жоба бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Шетелдік интернет-ресурстар мен іс-шараларда Қарағанды ​​облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Біз, сондай-ақ, ақпараттандыру бас­қар­масымен бірлесіп, инвесторлардың сұрақтарына жылдам жауап беру мақсатында телеграмм-бот құрудамыз. Инвес­торлар үшін нұсқаулық пен Қарағанды ​​облысының барлық өнімдерінің каталогын жасау жұмыстары жүргізілуде, – дейді облыстық өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бұлқайыр.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жергілікті тауар өндірушілерге арналған каталог пен веб-сайт жасау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыста өндіріс ошақтарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету де маңызды мәселе қатапрынан саналады. Бұл мақсатта өнеркәсіптік кәсіп­орындар және жоғары оқу орындары, колледждер арасында меморандумдар мен көпсалалы келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ, түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалары бекітіліп, дуалды оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жалғасуда.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *