Қыс аяқталған тұста көктемгі су тасқыны бел алатыны баршамызға белгілі. Оның үстіне өткеннен сабақ алған да дұрыс. 2015, 2017 жылдары көктемнің су тасқыны кентіміздің бірнеше үй-қорасын басып, қарғын судың астында қалғанын әлі де болса ұмыта алған жоқпыз. Осы келеңсіз жағдайлардан кейін кент әкімдігі жыл сайын қарғын суға қарсы көлемді шараларды іске асыруда.
Ондай шаралар биылғы жыл да жалғасын табуда. Жоспарлы жұмыстар Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылдың 28 мамырында «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша 2025 жылғы жазғы-күзгі инженерлік жұмыстар жоспары» атты №49 өкімі негізінде жүргізіліп отыр. Биылғы жылы күз айларында кентке кіреберіс жолға 1 километр арықтарды тазарту, кеңейту және бетондау жұмыстары жасалды. Мердігерлік шараларды Игенов Данияр Жанғожаұлының басқаруымен жергілікті «Строй-Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды. Аталған жұмыстарға 15 миллион 293 мың теңге қаражат жұмсалды.
Кентімізде көктемгі тасқын суына қарсы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қ.БЕКҚОЖИН,
Ақадыр кенті
