AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков, облыстық мәслихат депутаттары Ғани Тоқсанбаев, Владимир Шнель, партияның Қарағанды қалалық филиалының төрағасы Юлия Бадина Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлім жеке құрамына салтанатты түрде алғысхаттарын табыстады.
Аталмыш шара қарағандылық ұландардың Атырау облысында су тасқыны салдарына көмекке дер кезінде жетіп, бір ай көлемінде жасалған ерен еңбектерінің құрметіне өткізілді.
– Біздің жауынгерлер барлық ауыртпашылыққа төтеп беріп, өздерінің міндетін абыроймен атқарып келді. Алапат су тасқыны күн сайын ұлғая бастап, әр сағатымыз маңызды болды. Бір ай көлемінде әскерилер Атырау облысының бірнеше аумағына міндеттерін бөлініп атқарды, – дейді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, майор Өміржан Ғабит.
Шара барысында депутаттар ұландықтарға ұжымдық сыйлықтар сыйлап, мадақтама грамоталарын табыстады.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ