Ұландық жауынгер әлем чемпионы атанды

         Ұландық жауынгер грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Ағымдағы жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Испания мемлекетінің Понтвердер қаласында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өткізіліп жатқан болатын.

Аталмыш жарыста, еліміздің намысын қорғау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімнің сарбазы Ислам Евлоев те жарысқа атанған еді. 82 келіге дейінгі салмақта бақ сынасқан ұландық, қарсыластарына дес бермей финалда түркиялық спортшыны айқын басымдылық пен жеңіп ел қоржынына алтын алып келді.

  • Бұл жарыс мен үшін өте ерекше болатын. Себебі, әлем чемпионатында топ жару әрбір спортышының мақсаты. Мен бүгінде сол мақсатыма жетіп отырмын. Әлем чемпионы болу бұл менің бала кезден келе жатқан арманым. Әлемнің үздік балуандарымен боз кілемде кездесу ауыр болғанымен, бар күшімді салып алтын алып келді. Мені қолдаған барша жаңкүйерге рақмет-деді Ислам Евлоев.

Айта кетейік аталмыш әлем біріншілігінде еліміздің командасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп екінші орынға тұрақтады.

 

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *