Ұлт мұратын көздеген ұлы жиын

Ұлттық құрылтай ұлы мұратты көздейді. Атырауда өткен құрылтайда ұлтты ұйыстырудағы, қоғамдық құндылықтарды әспеттеудегі негізгі міндеттер қамтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда қордаланған мәселелерді қозғап, оны шешудің жолдары тарқата қозғады.

Кейінгі жылдары құрылтай мүшелерінің бас қосуы жыл сайынғы дәстүрге айналды. Қатысушылар жаңару мен жаңғыру арқылы жақсылыққа қалай қол жеткіземіз деген сұрақтың астарына үңілді. Биыл да ұлт үшін маңызды тақырыптар күн тәртібінде көтерлді. Презиидент айтып өткендей, үшінші құрылтайды өткізетін орын ретінде Жайық жағасы кездейсоқ таңдалған жоқ.

– Алғашқы отырыс ұлт ұясы Ұлытау жерінде өтсе, былтыр киелі Түркістанда жиналдық. Бүгін тағы бір тарихи өлке – Атырау облысына келіп отырмыз. Үшінші отырыстың Жайық жағасында өтіп жатқаны тегін емес. Әйгілі Сарайшық қаласы осы жерге тиіп тұр. Бұл шаһар Ұлық ұлыстың, кейін Қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болғаны тарихтан белгілі. Ұлы Жібек Жолының бойында тұрған қала бір кездері айрықша геостратегиялық рөл атқарған. Батыс пен Шығыстың экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынасына ерекше ықпал еткен. Атақты хандарымыз осы жерге ордасын тігіп, ел билеген. Бірқатары Сарайшықта мәңгілік мекенін тапқан. Тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдырған Қасым хан осында жерленген. Бір сөзбен айтсақ, Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар, – деді Президент.

Осылайша, бүгінгі ұрпақ бабалар рухына тағзым етті. Ұлтты ұйыстыру, елдікті сақтау жолында қан төгіп, жан берген қазақтың батыр ұлдарды ұлықтады. Дегенмен, Президент өткенмен ғана өмір сүрмеу керектігін де айтты. Құр мақтанмен кеуде керген халықтың өркениеттен ауылы алыстай түспек. Бәсекеге қабілетті ұлт құрамыз десек, жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруға мән беру керек. Құрылтай осы мәселені талқылайтын алаңға айналып отыр. Бұған дейінгі құрылтай отырыстарында да маңызды бастамалар көтерілді. Ол бастамалардың бірқатары іске асып та үлгерді. Енді, әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да салалардағы бағдарды айқындап, нақты шараларды қолға алу керектігін айтты Президент. Бұл тұрғыда зиялы қауымға ерекше үміт артылып отыр.

– Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет. Жазушылар Одағының төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Мереке Құлкенов жақында осы мәселе туралы орынды пікір білдірді. Халқымыздың көрнекті тұлғалары бірін-бірі мойындап, өзара құрмет көрсете білсе, ұлтымыз ұйыса түседі деп айтты, – деді Президент.

Соынмен қатар, тарихты жаңғыртудағы олқылықтар да Президент назарынан тыс қалмады. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір ертеде өткен оқиғаларға, белгілі бір тұлғаларға қатысты талқылау көбейіп барады. Қаламгерлеріміз, тіпті, Шыңғыс ханның тегі кім деп, айтысып-тартысып жататынын да айтты.  Кеңес заманындағы тұлғаларды, әсіресе, Алаш көсемдері мен Кеңес қайраткерлерін салыстырып, бір-біріне қарсы қоюдың қажеті жоғын әңгімеге арқау қылды.

– Дәл осындай сөз тартыстарының ақиқатына жету қиын, жеткеннің өзінде ел ішіне іріткі салатын мұндай дау-дамайдың еш қажеті жоқ. Әр дәуірдің өз ерекшелігі бар. Әрбір тұлға өзінің көзқарасына, дүниетанымына қарай және өз қоғамының мүддесіне сәйкес елге қызмет етті. Олар, яғни, сол заманның қайраткерлері бір кездері ұстанған бағытына бола дауласса, ендігі ұрпақ кімнің ісі дұрыс, кімдікі бұрыс деп даурығып жүр. Жалпы, бұрынғы және қазіргі тарихтың түрлі кезеңдерін, тұлғаларын бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Түптеп келгенде, мұның бәрі – біздің тарихымыз. Бұл – халқымыздың жүріп өткен жолы. Сол себепті, қалай десек те, тарихымызға шынайы көзбен қарап, оны сол қалпында қабылдауымыз керек, – дед Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент тарихқа келгенде эмоцияға берілмеу керектігін айтты. Керісінше, ұлт жылнамасы елді біріктіретін фактор болуға тиіс. Өткен заманды орынсыз қазбалаудың пайдасынан зияны көп еендігін мәлімдеді. Оның орнынан ынтымағымызды нығайту қажет. Ал, қалған дүниені уақыт өз орнынан қояды. Бұл тұрғыдан келгенде аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруге кірісуі керек. Көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру қажет.

Зиялы қауым қырықпышақ болып, өз ыңғайына қарай жұмыс істегеннен тыйылуы тиіс. Осы жерде ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі – бос» деген сөзі өзекті екені сөзсіз.

Қазақты бөліп-жаруға болмайтынын да Президент айтты. Жалпыұлттық деңгейде ойлану өте маңызды қазір. Оның айтуынша, әрбір қазақ ата-бабасын құрметтейді, рухына тағзым етеді. Сондықтан шежіре ұлттың мәдени кодының ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ,бұл түсінікпен шектелмеу керек. Ең бастысы, рушылдықты саясатқа айналдырмау қажет.

– Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті, шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент, тіл мәселесіне ерекше тоқталды. Қазақ тіліне сұраныстың жыл санап өсіп келе жатқанын айтты. Тіл аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың ажырамас бағдары болып қала береді. Соның нәтижесінде қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айналып келеді. Ендігі міндет ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыра беру қажет. Бұл орайда Президент қалталы азаматтар «Қазақ тілі» қорының нығаюына үлес осатынына сенім білдірді.

Ұлтты тәрбиелеудегі басты құрал ретінде кітап оқуды атап өтті Президент. Қазір тоқсаныншы жылдары айырылып қалған кітап орын толықтыруға күш салынып жатқанын айтты.

– Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Өздеріңізге мәлім, мен былтыр Түркістанда өткен құрылтайда елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу туралы айттым. Ондай кітапханалар көптеген елде бар. Менің тапсырмаммен Алматыда және Астанада көп ұзамай осындай тамаша ғимараттар бой көтермек. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін басқа да ауқымды шараларды қолға алу қажет. Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек, – деді Президент.

Президент ұлттық бірегейлікті нығайтуда Наурыз мейрамының орны айрықша екендігіне тоқталды. «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Ұлыстың ұлы күні жаңаша аталып өтетіндігін айтқан еді. осыған байланысты арнайы тұжырымдама қабылданды. Бұл тұжырымдамада мейрамның мазмұнын байыту, мәртебесін көтеру көзделген.

Тағы бір тоқталатын мәселе – Мемлекеттік нышандарды жаңғырту. Президент Ту мен Әнұрында мін жоқтығын айтып, тек, Елтаңбаға сын айтылып жүргенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, Елтаңбаны кеңес дәуріндегі Гербке ұқсатып жатады. Жұрттың атйуынша, Елтаңба тым күрделі. Алдағы уақытта арнайы комиссия құрылып, қоғамдық талқылау өткізеді. Содан кейін жаңа Елтаңба жобасына ашық байқау жарияланады.

Бұдан бөлек, құрылтайда Президент жағымсыз әдеттерден арылу туралы сөз қозғады. Нашақорлық, насыбай ату, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, вандализм, ысырапшылдық сынды кеселдерден бас тартпай ұлттың болашағы жарқын болмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, Президент баспанамен қамту бағытында жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл әсіресе жастарды тұрғын үймсен қамтамасыз етуде үлкен септігін тигізетінін айтты.

Сөзін қорытындылай келе Мемлекет басшысы ұлттық құрылтай нағыз елдік мәселелерді көтеретін «біртұтас командаға» айналу тиістігін айтты. Бұл құрылтайда айтылған идесялар келешекте міндетте түрде жүзеге асыуы шарт. Барша қазақ осы бағытта жұмыла жұмыс істегені жөн. Сонда ғана Қазақстан әлемдік аренадағы орнын ойып тұрып алмақ.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *