Ұлттық күнтізбе таныстырылды

Qazaq club өкілдері Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды кітапханасында жылсайынғы 2024 жылға арналған атаулы күндердің Ұлттық күнтізбесін таныстыру шарасын өткізді. Биылғы жылы күнтізбеде қазақ батырлары көрініс тапты.

Бүгінгі таңда күнтізбеде халықтың тарихы мен мәдениетіне байланысты 46 атаулы күн бар. Сондай-ақ, биыл оған жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне арналған үш күн енгізілді. Олардың ішінде Сардарлар мен қолбасшы Ер Бөгенбай күні, Сарбаздар күні және Сержанттар күні бар.

«Күнтізбенің айтулы күндері Қазақ әдебиеті, ұлт тарихы, салт-дәстүр, өнер, ұлттық тағамдар, тарихи қайраткерлер, ұлттық ойындар, туған жер, халық бірлігі, мемлекеттік тіл, отбасы институты, ұлттық киім, батырлар, жігіттер, аналар, ақсақалдар институттарына арналады, – дейді Qazaq club өкілдері. – Сондай-ақ, күнтізбеде қазақ халқының күні бар. Күнтізбеде дәстүрлі Амал мерекесі, Кымызмұрындық және басқа да дәстүрлі мерекелер бар. Онда алты қазақ салты көрініс тапты. Олардың ішінде Селт еткізер, Кестелі орамал, Шаңырақ көтеру, Асар, Бата беру, Құрылтай бар».

Естеріңізге сала кетейік, рухани құндылықтарды сақтауға және насихаттауға бағытталған атаулы күндердің Ұлттық күнтізбесі алғаш рет 2019 жылы Қарағандыда таныстырылды. Күнтізбенің ерекшелігі – ол 18 рухани құндылықты, 3 дәстүрлі мерекені, 6 салтты, 25 тарихи қайраткерді және қазақ тарихына белгілі 8 тарихи оқиғаны жүйелеп, насихаттайды.

2023-2024 оқу жылында күнтізбе Қарағанды облысы білім басқармасының Бірыңғай тәрбие жоспарына енгізілді. Онымен жыл сайын облыстың 417 мектебінің 170 мыңнан астам оқушысы танысады, сондай-ақ ол 58 колледжде, клуб үлгісіндегі 246 ұйымда, өңірдің 257 кітапханасында енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *