«Ұлттық ұлан» КВН командасы елорда сахнасында

Еліміздің елорласы Астана қаласында өтіп жатқан дәстүрлі «Маусымашар» жайдармен фестиваліне еліміздің әр өңірінен 43 команда қатысуда. Аталған ауқымды мәдени шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімінің «Ұлттық ұлан» жайдарман командасы да өнер көрсетуде.

Әскери қызметтің қатаң тәртібі мен жоғары жауапкершілігіне қарамастан, әскери қызметшілер шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде танытып келеді. «Ұлттық ұлан» командасы өз ойындарында заманауи тақырыптарды, әскери өмірдің ерекшеліктерін және қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы әсерлі жеткізуде.

«Маусымашар» фестивалі — жас әзілкештер үшін тәжірибе жинақтап, сахналық мәдениетті шыңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Мұндай шараларға қатысу сарбаздардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайтып, әскери-патриоттық рухты көтеруге ықпал етеді.

5451 әскери бөлімінің «Ұлттық ұлан»жайдарман командасына өткізілген ойындарда жақсы нәтиже көрсетіп, төрешілердің қошеметіне бөленді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі