Елімізде бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүр мен мәдениет сақталып, күнделікті өмірде көрініс табады. Мысалы, той-думан, діни және ұлттық рәсімдер, ата-бабалардан қалған үйлену, қонақ күту, туыстық байланыстарды нығайту сияқты дәстүрлер өмірімздің бір бөлшегіне айналғандай.
Қазіргі таңда қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ішінде кеңінен тойланатыны Наурыз мейрамы. Бұл мейрам мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Наурыз-қазақтардың басты мейрамы, жаңа жылдың басталуы, табиғаттың жаңаруы, жақсылықтың, берекенің символыдесек те болғандай. Бұл мейрамда ұлттық ойын ойнатылып, салт-дәстүр көрініс табады. Наурыз мейрамының өзіндік бір ерекшеліктері бар және сол ерекшеліктеріне бір тоқталып кетсек:
1.Қонақ күту: Наурыз мейрамында адамдар өз қонақжайлылықтарын көрсетеді. Үйлерге қонақтар келіп, наурыз көже табысталады. Бұл қазақтың ұлттық тағамдарының біріне кіреді.
- Құшақ жая қарсы алу: Наурызда туыстар мен достар бір-бірін құттықтап, кіріп шығады.Сол кезде қонақтарды құшақ жая бар көңілмен қарсы алған дұрыс.
- Бұл мерекеде үлкені де, кішісі де қазақтың ұлттық киімдерін киіп,өнерлерін паш етеді. Сонымен қатар, түрлі ойындар ойнатылып, дәстүрлі түрде жастар үлкендерден бата алады.
Қазіргі таңда салт-дәстүр сақталғанымен, әртүрлі өзгерістерге ұшырауда. Қала жастары көбінесе жылдам өмір сүру мен заманауи дүниелерге көңіл бөлсе де, ауылды жерлерде дәстүрлер барынша сақталып келеді. Мәселен, тойларда киіз үй тігу, үйлену тойындағы ұлттық рәсімдер, ұлттық ойындар мен өнер түрлеріне деген қызығушылық өсіп келеді.
Менің ойымша, Наурыз мейрамы мен қазақтың салт-дәстүрі қазіргі қоғамда маңызды орын алады. Бұл ежелден келе жатқан мәдени құндылықтарымыз. Осы құндылықтарымыздың мәнін кетірмей, әр мейрамды өз ережесіне сай өткізіп, өскелең ұрпаққа көрсете білуіміз керек. Сонда ғана ұлтымызды биікке көтеретін нағыз ұрпақ қалыптастыра алатынымызға мен сенімдімін
Айсана Алпысбек,
Қарағанды қаласы,
№26-жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы