Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі

Ұлттық дәстүр – әр халықтың рухани байлығы мен мәдениетінің айнасы. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше мән берген. Дәстүр арқылы ұрпақ тәрбиеленіп, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттер қалыптасқан.

Ұлттық дәстүрді дәріптеу – жас ұрпақтың өз тарихын, мәдениетін құрметтеуіне жол ашады. Өз салтын білген адам өз елін де жақсы біледі. Сондықтан әрбір отбасы мен білім беру ұйымдары ұлттық тәрбиені насихаттауы қажет.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ  Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с тобының кураторы Қ.Қ.Нұржанова 2026 жылдың наурыз айында «Құқықтық мәдениет негіздері» білім беру курсының жоспарына сәйкес  топ студенттеріне «Ұлттық дәстүрді дәріптеу» тақырыбына презентация сайысын өткізді.

Мақсаты:

  1. Студенттердің ұлттық дәстүрлер туралы білімін арттыру;
  2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  3. Ұлттық құндылықтарды насихаттау;
  4. Топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Салт-дәстүрлерді зерттеу және таныстыру;
  2. Заманауи презентация жасау дағдыларын дамыту;
  3. Тіл мәдениетін қалыптастыру;
  4. Ұлттық тәрбиеге қызығушылықты арттыру.

Бағалау критерийлері: тақырыптың ашылуы; материалдың мазмұндылығы; шығармашылық; сөйлеу мәдениеті; слайдтың көркемдігі; уақытты сақтау.

«Ұлттық дәстүрді дәріптеу» тақырыбындағы презентация сайысы жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Сайыс барысында қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны заманауи форматта таныстыра білді.

«Ұлттық дәстүрді дәріптеу» тақырыбына жасалған презентация сайысының қорытындысы бойынша марапатталды:

І орын –  А. Жакупов,

ІІ орын –  П.Круговой,

ІІІ орын – А.Гильмияров

Ұлттық дәстүр – халқымыздың рухани байлығы, ал оны дәріптеу – болашақ ұрпақтың саналы, білімді әрі отансүйгіш болып қалыптасуының негізі. Осындай іс-шаралар ұлттық тәрбиені насихаттап, елдік сана мен мәдени мұраға құрмет қалыптастырады.

Алма АҚЫНЖАНОВА, Татьяна ТИМОХИНА

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Орыс тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушылары