Бүгінде елде 37 жылу-электр орталығы жұмыс істеп тұр. Жыл ішіндегі жаңғырту жұмыстарының арқасында олардың орташа тозу деңгейі 64 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеді. Тоғыз орталық «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, үш орталық «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауыстырылды. Былтыр бұл бағытта шамамен 400 млрд теңге қаржы бөлінді. Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2029 жылға дейін 1,6 мың км жылу желілерін және 79 мың км инженерлік желілерді жаңарту жоспарланған. Бұл шаралар жылу желілерінің тозу деңгейін 52 пайыздан 42 пайызға, электр желілерінің тозуын 74 пайыздан 45 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
