«Мектебім, саған мың алғыс!»

Қарағанды облысында 25 мамырда мектептерде оқу аяқталады. Биыл оқу жылын 172 мыңнан астам оқушы аяқтайды. Барлық мектептерде 24 мамырда «Білімім – Отанына!» жалпы республикалық сынып сағаты өтеді. 11 сынып түлектері үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанатты іс-шарасы 25 мамыр сағат 09:30-да жоспарланған.

– Биылғы жылдың жаңалығы 5, 8 және 10 сынып оқушыларының қазақ тілі бойынша емтихан тапсыруы. Емтихандар 27–31 мамыр аралығында өтеді. Қорытынды емтихандарға материалдар 25 мамырға дейін барлық білім бөлімдеріне жеткізіледі. Қорытынды аттестаттау мектеп базасында өтеді және 11 маусымға дейін аяқталады. 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 12–15 маусым аралығында өтеді, – деп хабарлады облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова.

Мектеп түлектерінің ҰБТ-ны бес рет, оның ішінде жазғы кезеңде екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Жазғы кезең 16 мамырда басталды. Тест нәтижелерін білім беру гранты конкурсына қатысу үшін пайдалануға болады. ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардағы түлектер, сондай-ақ колледж түлектері қатыса алады.

– Биыл тестілеуге 5992 түлек немесе 79,7% адам қатысуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға көп. ҰБТ рәсімі заманауи прокторинг және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіле отырып, электрондық форматта өтеді. Тестілеу Қарағанды мен Балқаштағы «U-FUTURE» ЖШС1нің екі өңірлік орталығы базасында өткізіледі, – деп атап өтті Гүлбақыт Жүнісова.

Колледждерде оқу жылы 30 маусымда аяқталады. 29 мамыр мен 29 маусым аралығында өтетін қорытынды аттестаттауды 10 мыңға жуық адам тапсырады. Аттестаттау комиссиясы 70% жұмыс берушілерден тұратын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *