Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарудың 35 жылдығына орай Ауған ардагерлеріне жалпы сомасы 239,8 миллион теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.
Қарағанды облысында ауған соғысының 1177 ардагері, қаза тапқан жауынгерлердің 22 отбасы тұрады.
15 ақпанға дейін олардың шоттарына 200 мың теңгеден аударылады.
Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері медициналық көрсетілімдер бойынша шипажай-курорттық ем ала алады.