Кадр резервіне қабылдау басталады

Қарағанды облысының дарынды жастары жаңа формациядағы басқарушылар командасының мүшесі болуға шақырылады. Өңірлік кадр резервіне қабылдау 1–31 наурыз аралығында өтеді.

Резервшілерге қойылатын талаптар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ербол Жолданғар және Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Ғалиев айтып берді.

– Мемлекет басшысы атап өткендей, бізге жауапкершілікті алудан және стандартты емес тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын түрлі салалардағы жаңа формациядағы басқарушылар командасы қажет. Дәл осындай адамдар елге мүддесін қанағаттандырар нәтиже бере алады. Іріктеуге қатысу резервшілерге жаңа саяси реформалардың қатысушысы және жергілікті жерлерде өзгерістер жүргізуші болуға мүмкіндік береді. Іріктеу қорытындысы бойынша біз өңірдің және тұтастай алғанда елдің дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін көшбасшылар командасын қалыптастырамыз. Білімді, еңбекқор және креативті азаматтарды өңірлік кадрлық резервке іріктеуге қатысуға шақырамыз, – деді Ерлан Ғалиев.

Іріктеуге жоғары білімі және 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Іріктеуді кадр комиссиясы 7 бағыт бойынша жүзеге асырады: индустрия және өнеркәсіп, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экология, экономика және қаржы, ТКШ және инфрақұрылым, цифрландыру.

Резервке енгісі келетіндер 5 кезеңнен өтуі керек:

— құжаттарды қабылдау;

— заңнаманы білу бойынша тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау;

— құзыреттерді бағалау;

— комиссияда құрылымдық әңгімелесу;

— резервке кандидатты қабылдау туралы түпкілікті шешім шығарылатын комиссия отырысы.

Әр кезеңнің нәтижелері бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жоба сайтында орналастырылатын болады.

Өңірлік резервте болу мерзімі – 2 жыл.

Үміткерлерден өтінімдер onir.pkrezerv.gov.kz сайтында 1–31 наурыз аралығында қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *