Ресей патшалығы және орыс империамлизмі Қазағыстанның өндіріс күшінің өсуіне бөгет болады. Жаңа пайда болып келе жатқан қазақ буржуазиясын, орыс буржуазиясына тәуелді болып соның қолына қарайды. Ең шебер пысық дегендері ғана заводтарда подрәд көтеріп алып, көпшілігі сауда қылады. Шала көшпелі, қалаға жақын аудандарда қазақ байлары бірте-бірте өзінің шаруасын капиталдық негізге құрып, ауылда құлақтардың саны өседі. Және 1905 жылғы буржуазия демократиялық револуция шығыстағы уақ ұлттардың буржуазияларына да үлкен әсер етеді. Татар, Армен, Қазақ, Украина сықылды колониялы елдердің буржуазиялары “ұлт” деген сөзді беттеріне ұстап өздерінің үстемдігі болмаса да, “реформа” патшаның рақымы деген тілекке жетекші болады. Олар самодержавияны, оның аппаратының, тәртіпті сынайды, либералдық оппозициялық орыс буржуазиясының қозғалысына қанат болып та қояды. Міні осы кезде татар байларына, саудагергеріне ұқсас қазақтың да «көзі ашық» деген байлары оның оқыған интеллегенттері жадитизмді құшақ жайып қарсы алады. Олар пантуркизм, панисламизмді іздеуіне қару етеді.
Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров сықылды кедейден шыққан, қалың бұқараның тілегін тілей шыққан оқығандар жадитизм идеясын оның қалыққа пайдалы жаңалықтарын, қалықты мәдениеттендіру, сауаттандыру ұлт бостандығы үшін, теңсіздікке қарсы күреске шақыру мақсатымен қару етеді. Бұл жолда Сұлтанмахмұт сияқты жастар қалыққа пайда тигізуге болатын мүмкіндікті көреді. Дін оқуымен қатар математика, физика, химия, история, география фәндерін жүргізетін жадит мектептері, “бостандық”, «ұлт», “қалық», “әйел теңдігі” деген буржуазияның» ұраны” Сұлтанмахмұт есітпеген жаңалық еді. Сұлтанмахмұт типтес оқығандардың көпшілігі мұны қалықтың тілегіне сәйкестіруге тырысып еді. Осының салдарынан Сұлтанмахмұттың шын қалық мақсатымен байшыл «ұлтшылдардың » пікірімен алғашқы кезде “бір жерден” шығып, бір-біріне ұқсас болады.
Қазақ оқығандарының осы екі тобы да жадитизмге ұмтылғандықтан сырттан қараған адамға бұл екеуі де бір-бірінен айырғысыз ұлтшыл-идеялас, «бауырлас» болып көрінеді. Шындығында олай емес, олай болған да жоқ. Өйткені Сұлтанмахмұт ұғымындағы ұлт, алашордашыл ұлтшыл азғындардың екі жүзділікпен айтқан алаш мағынасындағы ұлт емес, Сұлтанмахмұттың ұлт деген сөзі — семантикалық мағынасы ешқандай бұрмаланбаған, саяси мағынасы бұзылмаған сөз. Мұнда ешқандай екі жүзділік жоқ. Бұл сөз Сұлтанмахмұттың| ұлтын қалқын сүйген сезімінің, жан жүйесінің айқын бейнесі. Егерде ол «Алаш» деген сөзді өлеңдерінде қолданса, оны ол ұлт мағынасында қолданған.
Сұлтанмахмұт ұлт дегенде еңбекші бұқараны, ғасырлар бойы езілуде, қаналуда келген қазақ қалқын айтады.
Ал, байшыл ұлтшыл алашордашылардың айтып жүрген “Ұлт” деген сөзі қалық ұғымындағы сөз емес, семантикалық мағынасы бұрмаланылған, експлотатор топтың қанау, тонау тілегіне бейімделген солардың қан ішерлік тілегін орындау мақсатымен айтылған бояма «Ұран».
Ал бұған қарап Сұлтанмахмұт кристалдай таза демейміз, онда азда болса байшыл ұлтшылдардың әсері бар. Бірақ ол әсер өте аз, өзінің обиективтік өсу, іздену жолындағы кездестірген қиыншылық, қайшылықтары. Біздің әдебиет тарихшыларымыз да осы уақытқа шейін Сұлтанмахмұттың «ұлтым» иа “алашым” деген сөзі бар. Өлеңдерінің барлығын зиянды өлең, қауыпты нәрсе деп түсінушілік бар. Бұған қосылуға болмайды. Және Сұлтанмахмұттың ол кездегі “қалқым”, “қазағым” деумен бірге, «ұлтым», “алашым” демеуге ешқандай қақысы жоқ. Сондықтан ақынның идеясының байымына бармай жатып “ұлт”, “қазақ”, “алаш” деген дыбыс шықса-ақ: “ойбай мынау жау!» “ұлтшыл”, “байшыл” деуден аулақ болуымыз керек.
Сұлтанмахмұт бұл айтқандардан басқа да көп тарихи кезеңдерді бастан кешірді. 1916 жылы ұлт бостандығы үшін көтеріліс, Ресейде болған буржуазия демократиялық екі револуция, октебр революциясы, азамат соғысы. Міні бұл уақиғалар Сұлтанмахмұт шығармасына үлкен әсер етіп, оның дүниеге көзқарасына үлкен өзгерістер жасады. Бұл жағдайға кейінірек тоқтаймыз.
Міні Сұлтанмахмұт осы сияқты қайшылығы күшті дәуірде өмір сүрсе, осыған сай оның шығармасында да қайшылықтар көп. “Шаршармын, адасармын, шалдығармын”» (5-бет) деген сол кезіндегі айтқан пайғамбарлық сөзі дәл болады.
4
“Ден сау болса, тағдырдың,
Көкке ұшырам күлдерін!
Жігермен талап өткен соң,
Қоям ба екен сүлдерін?
Аждахадай ақырып,
Алдымнан қарсы шапса да,
Естімеймін үндерін, :
Серпіп тастап түндерін,
Туғызамын күндерін»
— деп жалынды жас ақын Сұлтанмахмұт әдебиет дүниесіне кіреді. Бұл үн Сұлтанмахмұт поезиясынан кейінді, қазақтың көркем әдебиетіндегі бірінші рет маңына сәуле шашқан нажағайдың оты еді, Сұлтанмахмұттың бұл шыққан қажырлы, кекті үні ғасыр бойы арқасына ер батып ашу қысқан қазақ қалқының қахарының қабаршысы еді. Сұлтанмахмұт қырандай қиырға көз жіберіп, болашақты болжамаса да, оның тарихи кезеңде шыққан ашулы үні, болашақ туралы бір нәрсені айтқан сықылды, бұл ашынған дауыс 1916 -жылғы ұлт бостандығы көтерілісінің дабылы сықылды.
Сұлтанмахмұт жасынан-ақ (1912-14 жылдарда) меңреуленген қараңғылық дүниесіне, оның тағдырына қарсы майданға шығады. Кіршіксіз адал жүрекпен, тепсем темір үзем деген ұлы сеніммен жас жауынгер адамдай аюандай жанышқан теңсіздік дүниесіне қарсы үн шығарады. Ол қазақтың жазба әдебиетінде бұрынды соңды болып көрмеген оптимизм сеніммен ешнәрседен сескенбей қалық үшін белін байлап, күрестің кең жолына түседі.
Ақын бұл кезде жас, өмірге ұяда отырып талпынған балапанша қарайды. Оны өз басындағы кедейлік мұңайтпайды, істейтін сансыз іс істеймін деген ой оған қанат бітіріп, бойына әл ойына нәр береді. Оның көзіне бұл кезде уақиғалардың, құбылыстардың көпшілігі бір бүтін сықылды, бір бірінен айрылмайды. Әсіресе ауылдағы тап күресі ол қанша ыңыршағы шыққан қара қасқа кедей болса да, тек қана жеке адамдардың кездейсоқ бағытсыздығы, жай ғана теңсіздік сықылды. Жас ақын ауылдағы теңсіздіктің әлеуметтік тамырына көз салмайды. Сұлтанмахмұт бұл кезде өмірді жаңа көрген адамға ұқсас, оны жақсы жағы қуантса, жаман жағын жеңуге болады деген күшке сенеді.
Дүниеде рахат, достық бар
Тұрмыста жоқ суық қар,
Дүниені жауыз дегендер
Бәрі жынды ақымақтар.
(См.ж. 146-б) 42
Немесе:
Сеземін еңбек қылсам бақыт жақын
Келер жаз атақты алам деген «ақын»
Жүректің қазынасы тазартылса, ,
Пайдасын көрер әлі-ақ ертең қалқым»
— деп ақын өзінің күшіне сенеді. Ақынның сенімі күшті, жалынды жас романтик екендігі көрініп тұрады.
«1912-14 жылдары Сұлтанмахмұтқа Абайдың үлкен әсері болған. Абайдың идеяларының негіздеріне иелік қылған. Көбіне бұл кездерде Сұлтанмахмұттың дүниеге көз қарасы қоғамдағы таптардың қарым-қатысын түсінуі , тап күресін көрсетуі Абаймен тең түседі. Ол да жас кезінде өмірдегі теңсіздікке, оның негізі жеке меншік дүниесіне тікелей-шабуыл жасамай, барлық зұлымдықтың “басты себебі» қараңғылықпен мәдениетсіздікке шабуыл жасамай, барлық зұлымдықтың “басты себебі» қараңғылықпен мәдениетсіздікке шабуыл жасайды. Кедей мен байдың арасындағы қайшылық оған әлі толық мәлім емес.
“Кедейдің өзі жүрер малын бағып,
Отыруға отын жоқ өзі жағып,
Тоңған үйін жылытып тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып” »
(Абай, 126-6)
— деп Абай кедейдің ауыр күнін суреттеп келіп:
“Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта тас болма сән де ол құрлы”
(126-6)
— десе Сұлтанмахмұт соған ұқсас:
“Босағада нашарлар,
Одан әркім кашарлар,
Көзін сатып телміріп,
Кәсіп қылмай жасарлар”
— деп екінші жерде Абайға еліктеп:
“Кәсіпсіз көзін сатқан сорлы кедей,
Қоя ма піспек аңдып тентіремей?
Атағыңды көтерер алғыс айтып,
Байғұсқа бір жұтқызсаң көт шық демей”
(14-б)
- дейді.
Сұлтанмахмұттың бұл кезде Абайдан өзгешелігі, ол “кедей деген мәселені шығармасының тұрақты темасы етіп алады. Кедейдің ауыр тұрмысын көрмей кете алмайтындықтан жазбайды, көре түскісі, түсіне түскісі келгендіктен жазады. Абай кедейлікті жек көреді, ал Сұлтанмахмұт тек көрмейді, оның шығу себебін іздейді.
1916 жылғы үйін (июнь) жарлығы шығып, патша үкметі қазақтан қара жұмысқа жігіт алады. Шонжар бай, би-болыстар кедей балаларын мың-мыңдап тізіп солдатқа бере бастайды. Тап қайшылығы жиелене түседі. Байлар оқығандарының көз алдындағы “бірліктің” күлдіреуші күйреп, шаңырағы ортасына түсіп миллиондаған еңбекшілер Амангелді сықылды ер шерінің соңына еріп, байларға, патшаға қарсы, ұлт бостандығы үшін күреске шығады. Қалықтың өзі қолына қару алып, ұлт қалпымен көтерілгенде “алаш орданың”, “ұлтым” деген сұрқия сөзі қалық алдында адыра қалады.
Бүгін Орта Азияда болған 1916 жылғы көтерілістен кейін көп кешікпейді. 1917-жылы февралда екінші буржуазия-демократиялық револуция болып, патша тақтан ұшады. Қазақтың Абдығандар сықылды байлары, “алашшылар” ұлт бостандығы үшін күреске шыққан қалықтың толқынына бай, феодалдардың үстемдігін орнатуға пайдалануға тырысады. Олар “Алаш” деген ұранды көтеріп, “қалықшыл» бола қалады. Бірақ, олардың бұл тілектері болмай, қазақ қалқы олармен де ат құйрығын кесіседі.
Октабрь революциясынан соң қазақ даласында болшевиктік үгіт өзіне кең жол ашып, қазақ еңбекшілерін совет үкіметі үшін күреске бастайды. Колшактың қанды ауыз офицері Дутов сықылды “алаш орданың» лидерлері, ашықтан ашық қалыққа қарсы қару жұмсайды. Міне, бұл уақиға Сұлтанмахмұттың “алаш ордашылардың” арасын ашады. Сұлтанмахмұт аяқ астынан өзінің және бүтін қазақ қалқының жауларын көреді. Бұл сияқты алданған жалғыз Сұлтанмахмұт емес, қалық ағарту ісіне адал еңбегін сіңіріп, қалық қамы үшін қабырғасы шын қайысып ойлайтын мұғалімдер Сәбит Денентайып та осы Сұлтанмахмұт ұқсас ақын.
Сұлтанмахмұт ұлтшылдықтан үміт үзіп оның шын ұлттың мақсаты еместігін көргендей болып, 1919 жылдың бас кезінен бастап жаңа идея іздейді. Қалықтың шын бақыты үшін күресу үшін ұлтшылдықтан басқа арқа сүйейтіндей саяси жолдың керектігі байқалады. Өткен өмірін, ұстаған бағытын — ұлтшылдықты талап етіп, оған лағнат айтады. Енді Европаға көбірек көңіл аударып, болып жатқан раволуция, импералистік соғыс, азамат соғысы жана социализм мәселелерімен шұғылданады. Бірақ ақын революцияның, азамат соғысының мәнін түсінбейді қазақ еңбекшілерінің ревоуционерлері қалықты батсап» Зұлымдыққа қарсы тұрмау “, ”Зарлық пен зұлымдықтың алдында бас көтермеу ” деген ғылымға тап болады. Сұлтанмахмұт Толстойдың адамның мінез-құлқын түзеу арқылы зұмдықты жоюға болады дегенін үлкен сеніммен қостағаны байқалады бұл сияқты оқиғаның бір Батыс ақындарының арасында да болғанын көреміз.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Батыс оқығандарының арасында буржуазия мәдениетінің тарихи қырау кезіне жеткеңдігін көрушілік, оның көп өмір сүрмейтіндігіне аса сенушілік күшейеді. Батыстың ірі ғылми адамдары, көркем өнердің аса көрнекті өкілдері “Европаға орта ғасырдың ауруы жұқты» деген қортындыға келеді. Осы кезден бастап буржуазия мәдениетінің күйреуі деп түсінген буржуазияға тән интеллигенттер мистика мен пессимизмге ауады. Екінші тобына кіретіндер, адам баласының болашағына сенген оның мәдениетінің өлмейтіндігіне, қалқтың рухани және творчестволық күшіне сенген, бірақ капитализм системасының мәдениетті әкеп тоқтатқан тупигінен шығатын жолды білмейтін прогрессивни интеллигенттер жатады. Бұлардың негізгі қасиеті дамылсыз іздену, жар құлағы жастыққа тимей мәдениеттің болашағы үшін күресу, капитализм дүниесін, оның тәртібін сынау, оның қанау, талау мақсатымен ашып отырған соғысына қарсы күресу. Үшінші, қоғамды негізінен өзгертуді жақтайтын револуцияшыл интеллигенттер.
Міні, осының екінші тобы көбінесе адамды духовни өзгерту арқылы бостандыққа, шыүйдікндыққа жетуге тырысады. Олар капитализмнің тарихи өсіп келіп нағыз шіріген өлім алдындағы сатысы империализм сатысына жетіп отырғандығын түсінбейді. Міні бұларға бір көзде Толстойдың “ғылымы» үлкен әсер етеді. Бұл жөнде Ромен Ролпанға сөз берейік!» -Менің нормални ушилишшәге түскен кезім. Мең менің жолдастарым -бәріміз дө бір бірімізге ұқсамаушы едік. Біздің кішкене тобымызға шындықшыл мысқылшыл айлы Жорж Диум о» қылды философтар, Италия возрождениесін сүйген ақындар, классиктердің традициясын қуушылар, стендалистер және вангеристер, атеистер және мистиктер басын қосты: бізде талас та, келсе алмаушылық та аса көп болды. Ал Толстойға деген махаббат өзіміздің басымызды қосты, біз оны әрқашан сүйдік, өйткені оның өзіне керегін тапты, осының өзі әркімге өмірлік жаңалық болды» (Географиялық өмірлер 203-6 1833ж)
Ұлтшылдықтан айрылып, онық өзі шын ұлт тілегіне зиян екеін көрген Сұлтанмахмутке осы батыс оқығандарына ұқсас бар шындық, бар әділдік Толстойдың » ғылымынан» табылғандай болады. Ол да батыс оқығандарының осы тобының кебін киеді.
Сұлтанмахмұт осы сияқты ұсақ буржуазияшыл гуманизмге беріле отырып, Маркс, Енгелстің шығармаларының да бірлі жарымын оқығанға ұқсайды. Өте үстірттен болса да марксизм классиктерінің қоғам және ондағы тап күресі жөніндегі, коммунистік қоғам ондағы адамдардың қарм-қатысы жөнінде жазған еңбектерімен танысқандығы көрінеді. Ал мұнымен қатар Сұлтанмахмұт Франсияның атақты ағартушысы Руссоны аса сүйген оның идеясын өзіне жақын тұтқан. Мұнымен қатар өзінің қоғам жөніндегі идеяларына қарағанда Батыстың утопис социалистері Сенсимон, Карл Фурейенің идеяларымен де таныс болған.
Ал Сұлтанмахмұттың Марксистердің шығармаларымен таныстығы болған болмағаны жөнінде ешқандай қазба дәлеп жоқ. Оны Сұлтанмахмұттың достас, аулдас адамдары да білмейді. Бірақ бұған қарап Сұлтанмахмұт өмірден шындық іздеп, архип ақтарғанда марксистердің еңбектерін оқыған жоқ деуге болмайды. Сұлтан-махмұттың оларды оқуына үлкен жағдай бар. Өйткені 1903 жылдан бастап Қазақстанда большевиктер ұйымдары ашылып, марксизм идеясы тарай бастады. Сонымен қатар, әсіресе февраль ревалюциясынан кейін Қазақстанда Маркс, Енгельс, Лениң Сталиннің шығармалары кең түрде тараған. Сұлтанмахмұт өзі де шығармасының бір жерінде Марксты аузына ала кетеді. Ол қалқ творчествасына өзінің көз қарасын айтқан шығармасының бір жерінде қалқ творчествасының дамулығын Маркстың шығармасын салыстырып былай дейді:
Тілімде әдебиет, жаныма азық,
Әлі болардай көңілге таныс-қазық;
Терең ойлар дүниеге қарастар бар,
Кәнекей сынап, байқап тапшы жазық.
Қарасы міне қандай пікірлер бар
- “Заманың түлкі болса тазы боп шал!»
- «Қылышты соғып байқа өз саныңа
Өз саның ауырмаса біреуге сал!»
- «Аспен ат, біреу атса таспен сені,»
- «Мың сіз, бізден бір шыж-быж артық” деді.
- «Өз етігің тар болса, дүниенің
кеңдігінен көрмессің дәнеңені».
- «Торғай артық жердегі – қолыңдағы
Ұшып жүрген тырнадан әуедегі,
- “Отқа жақ, алтын ерін атқа тисе»
- «Еңбек қыл да, міндет қыл” деген еді
- “Талаптан нұр жауады талапты ерге»
- » көрпеңе шақта, аяқты соза берме»
- “Босқа тұрсың, атыңмен астыңдағы,
Қойныңдағы қатынға сенбе, сенбе”
Күллі дін бар филосоп айтқандары,
Осы “І” дің астында түгел бәрі:
«2» інші, “3” ден дәмді сөзді
Айтқан жоқ инжел менен құрандағы
“4”інші “5” іншіде Марксіңмен
Өмірді ұғыну кеткен әрі.
Байқасаң, қазақтың өзінде бар
Дүниенің гениесі, пайғамбары»
Мұнда әрине Маркстың даналығын, оның шығармасының нағыз қалқтық екені түсінбеді. Егер түсінген болса жоғарыда айтылған бес-алты ауыз мақалдың мағынасын Маркстың “капиталынан жоғары қоймаған болар еді. Міні осы сияқты фактыға және тарихи жағдайларға қарағанда оның марксизмнен аз да болса таныстығы болғандығын көреміз. Міні Сұлтанмахмұттың қоғам жөніндеп білімі бұл кездерде осы сияқты системасыз үстіртін. Социализм жөніндегі түсінігі де осы сияқты. Ол болашақ тапсыз қоғам туралы былай дейді:
“Ол өмірде бірде бір алдау болмас;
Жағынып арды ақшаға жалдау болмас:
Ешкімнен достық таппай қастық көріп,
Бар адамды сайтан деп қарғау болмас.
Қара күшмен жеңіліп қайғы матап,
Өлгісі кеп өмірден зарлық болмас.
Адамдағы жан қуат, тапқыш талант
Гүл шашпай, жеміс бермей қалмау болмас.
Жаратылыстың керегін әрбір адам,
Еңбегімен ашуға бармау болмас.
Әкіммін, құдайшылмын әскермін деп,
Еңбексіз еңбекшіні жалмау болмас.
Көре біле ақынды жегізбес ең
Бай сені хикметке алмау болмас
Аштан өлу не байға арҙан тұру
Амалсыз соның бірін таңдау
Не кәрілік, небіапат келген күні,
Көшеде қайыршы боп сарнау болмас
Жұмысқа кем көзбенен қарау болмас
Жұмыс қылу қорлық деп санау болмас;
Жұмысшылық құлға қас, бір мырза деп
Еңбекшінің еккенін талдау болмас,
— деп Сұлтанмахмұт коммунистік қоғамның бірсыпыра картинасын беріп, ол қоғамдағы адам баласының қарым-қатынасын көрсетеді. “Рухани қысым жойылып, адам баласының өсіп-өнеміндігін таланттардың шарықтайтындығын, елдің бәрі еңбек етіп, еңбегіне қарай ақы алатындығын ешқандай қанау, езу болмайтындығын айтады.
Сұлтанмахмұтқа марксизм әдебиеттері әсер еткен болу керек ол өзінің соңғы үлкен поэмасында (“кедей”) тек ауылдағы феодалдық қанау әдісі емес, қаладағы, өндірістегі капиталдық експлоатацияны, әсіресе қазақ жұмысшыларының екі жақты қанауын өте жақсы суреттейді:
«Мен жалғыз ел қызметін істедім бе?
Қаланың да дәм-тұзын ішпедім бе?
Тірі көрге кіргендей жер астының,
Кендерін шығарғалы түспедім бе?
Тірідей жердің асты көрім болып,
Көрде тұрған кісідей өңім болып.
Бұшпағымнан талай тер ақпап па еді?
Өне бойым қап-қара көмір болып?
Жер қазып, құм, тас төсеп теміржолға
Сүйелдер шықппап пе еді біздің қолға
Күніне он төрт сағат жұмыс біздіңістеп,
Тамақтан қанша артылды ақым сонда.»
деп, өндіріс пролетариятының қал-жайын, ауыр тұрмысын толық суреттеп келіәп, тапқан таянғанын елге қайтқанда тағы болыс, билер алып, қайыршылықта қалатын қазақ жұмысшыларынын тұрмысын айтады. Сұлтанмахмұттың біздің басқа ақындарымыздан
үлкен өзгешілігі ол ең бірінші болып жұмысшы табының өмірін суреттейді, капиталдық қанауды ең бірінші болып сынап, мінейді. Ол жұмысшылардың капитализм дүниесінде шексіз өкспповтациялануың адамның дамылсыз 14-15 сағат істейтін машинаға айналғандығын көреді. Сұлтанмахмұт қанаудың бұл түрін көп ізденіп табады, бірақ, бұл кезде ол бұл системаны, оның негізі қайда жатқанын анық біле қоймайды.
Патша үкіметі, орыс буржуазияшылары Қазақсатанның өндіркі ұлғайып, өндіріс күшінің өспеуі үшін жанталасып, қазақ даласын ішкі зат өндірілетін колонияға айналдырды. Олар ірі өндірістің өсуіне керекті барлық жағдайды жойып, барлық мүмкіндіктерді тойтарып ұстады. Міні осымен қатар Қазақстанда қазақтан өндіріс пролетриатының саны аса аз болды. Сұлтанмахмут жұмысшылардың қоғамдық стройды өзгертетін ревалюцияшыл және авангард тап екенін көре алмайды.
Қазағстандағы Қарағанды, Спас, Нілді, Екібас тағы басқа содл сықылды өндіріс орындары шет өл капиталистерінің қолында болады., олар ауылдан кәсіп іздеп көлген кедей батырағтарды аяусыз експлотациялайды. Қарағанды, Екібас шахтыда істейтін жұмысшылар күндік еңбңгені 40-50 тиын ақша алады. Онысен қатар қазақтың ірі бай саудагерлері орыс буржуазиясының аузын жалап, солармен жемтіктес болып подретке жұмыс алып, кәсіп іздеп келуші кедейлерді уысында ұстайды. Подретшіктер жұмысшылардың жалақысын 2-3 есе кемітеді. Егер “кәсіпшілердің» бірлі жарымы ақша тауып, еліне қайтқанда болыс-билер налок салып қолындағы барын сыпы
рып алады. Олар аш-жалаңаш, кемпір-шал бала-шағасын шұбыртып, өндіріске қайта келеді. Міні ол кездегі жұмысшылар өмірінің картинасы осылай еді.
Бұл уақиғаны Сұлтанмахмут көзімен көрді, мұндай адамдардың Сұлтанмахмұттың ауылында бірнеше болғандығында дау жоқ. Бұл кратинаны Сұлтанмахмұт тамашадай шындықпен суреттйді.
1917жылғы прогетриат ревалюциясы Ленин-Сталин партиясының ұлт саясаты, азамат соғысы қазақ қалқының рухани өмірне үлкен өзгеріс жасады. Қалың бұқараның жүрегінен болшевиктік идеясы кең орын алып, совет үкіметі қалқтың идеялына айналады. Ал Сұлғанмахмұттың үні тек үйілген кітаптардың астынан шығады, өмірдің негізнің өзгеріп, ондағы адамдардың басқа болыл бара жатқанын ақын көрмейді. “Кедей” мен «Адасқан өмір” осы көзде жазылады. |
Бұл поэмада имперализм соғысы кезіңде батыстағы бужуазия реакциясын басынан кешірген, үнемі капитализмге қарсы бол капитализм дүниесін барынша жек көріп, онан барынша жиренген, бірақ та бұл қоғамды сынауы ұсақ буржуазияның сынауынан аспағаң төңкеріс десе төбе құйқасы шымырлайтың көбіне «төңкерюшіл» айқайларының түбінде қояндай қорқып, буржуазияның идеясы жататың ұсақ буржуазия романтиктерінің екі жақтылығы аса күшті Сұлтанмахмутке көрмей көз жұму да ауыр, көріп тұрған өмір де ауыр. Көзін жұмса қалқынан қол үзіп, көзін ашып шындықтың соңынан еріп кетуге күші жетпейді.
Батыс интеллегнттерінің бір тобы нәр қылған Толстойдың, Рус» соның, Фейербахтың социал утолистердің ғылымын марксистер талқан етеді. Сондықтан Сұлтанмахмұт еклектиканың “жаңа” түріне көшіп, адамда психологиялық түзеудің, оны өзгерту жолымен оны табиғи қалпына жақындатудың “жаңа» түрін табады. Сұлтанмахмұттың бұл “ғылымы” — “винегрет”, — міні соның составына тоқтайық.
Жер бетіндегі адам баласының бақытсыздығын Сұлтанмахмут (“социалзм”) өндіріс күшінің өспей-қоғам құрылысының жаңа сатыға көшпегендігінен емес, тек адам баласының қарм-қатынасы әділдікке, достыққа негізделмегендіктең бірін бірі сүюінің жоқтығынаң бірін бірі адам деп қарамай “ет” деп қараушылықтан, Сұлтанмахмутше айтқанда “дене азығының” шексіз өсіп, “ар азығының” (адам баласын сүйіспеншілікке, туысқандыққа тәрбиелейтін ғылымнан) артта қапғандығынан, осының салдарынан адам баласының өнері, техникасы, мәдениеті тек бірін бірі қойдай бауыздап, бірін бірі қыруға құрал болалы. Тек өндірістік техниканың өсуі Сұлтанмахмутше адамды қайуаңдыққа соқтырып, оны бақытсыздыққа ұшыратады. Төк “тән азығының” өсуі адам баласына көлген “індет” топалаң.
“Жер сараң, адам надан болғандығы,
Тіпті емес бақытсыздыққа тұрған айдап.
Ә, жоқтығы жақындық, әділдіктің
Адамды сорлы қылған бассыз ойпап
Одан әрі:
Сондықтан адам біткен өртең өлІ,
Бас иіп әділдікке келер бәрі,
Над соның айтқанындай: “жауыз жолмен”
Журе алмай дымы құрыр одан әрі
Талған күш, аурған жан, қиналған таң
Дертіне жақындықты етет дәрі».
Мұнда Сұлтанмахмутше жауыздықтың жолымен адам баласы малғанша, шаршағанша жүре береді. Оған кесел боларлық ешнәрсе жоқ. Әбден шегінен асқан жауыздық, адам баласының арасындағы “қайуандық” қарм-қатнас бірте-бірте өзінің қарсылығына — адамдық қарм-қатнасқа айналып, адам баласы толған жүрегіне әділдікті нәр өтеді дейді. Бұл фантазия барып тұрған утония.
Руссо мен Толстой мәдениет, техника, ғылым атаулыны талап өтіп, адамның мінез құлқын түзеу арқылы, ұсақ меншік пен қол өнердің негізінде, теңдікке жетпек болса”, Сұлтанмахмұт сивилизацияның өсуін қалққа келген “індет” дейді, оны жайғысы көлмейді. Техникасыз, мәдениетсіз, адамның әлсіз екендігін жақсы түсінеді. Сондықтан ол адам баласына төхникадан “індет” келмеу үшін «тән азығына” “жан азығын серік» етеді. Руссоның келіп тоқтаған тұйығынан Сұлтанмахмұт осылай шығып кетеді. Сұлтанмахмұт “тән азығы» мен “жан азығы»ның арасындағы бірлікті таза түсінбейді. Екеуін бір-біріне қарсы қояды.
Сұлтанмахмұттың адамды бағалауы, оның қоғамдағы жаратылыстағы рөлін бағалауы Руссодан әлдеқайда бөтен Руссо “Емил немесе тәрбие» деген кітабында адам күн көру үшін әркімнің жеке өз басының бүтін қоғамдық тәжірибесінің қортындысына, жалпы мәдениетіне арқа сүйейді. Бұл жағынан Сұлтанмахмут те Фейербахқа ұқсастық күшті.
Фейрбах ХІХ ғ. Материалист. Оның философиялық еңбектері ХІХ ғ. 30-40 жылдарына жатады. Ол кезде Германия саяси және економика жағынан неміс буржуазиясының жаңа-жаңа буыны бекіп, саяси және економикалық үстемдікке қол созады. Олардың либералды-оппозициялы қозғалысы басталады.
Бұл қозғалыс сол кездегі әдебиетте философияда өзінің ізін қалдырады. Фейрбах өзінің философиялық еңбектерінде обиективно неміс буржуазияшыларының тарихи осалдығын көрсетеді.
Фейрбах 1841 жылы жарыққа шыққан “Христиан дінінің негізі” атты әзінің атақты шығармасында идеалистік системадағы Гегелдің философиясын және қоғамның пайда болуы жөніндегі попошиналарды талқан етіп, материализмді қайтадан жарық дүниеге шығарды. Материалистік философияның «гүрзісі» дінге шіркеуге күшті соққысын бере бастайды.
Гегелдің дүниенің тұтқасы еткен обсолуттік рухын Фейрбах өмірге көрексіз өтіп лақтырып тастап, адамды бірінші орынға қояды, Бірақ Фейрбах адамды дүниені, тұтқасы етіп алса да, оның адамы қоғамнанаң тап күресінен тыс, шындыққа жатпайтын адам, оның адамы өмірдегі, қоғамдағы-қоғамдық, таптық қарм-қатнастағы адам емес, тек қиялдың жемісі Фейрбахша адамға жаралғаннан біткен табиғи қасиет сүйіспәншілік, өзіне ұқсас қайуанаттарды сүюшілік, оондықтан адам баласының, қоғамның негізіне сүйіспеншілік жатуға тиісті, өйткені Фейрбахша адамның творшестволық, дүниені өзгертетін револуциялық күшінен де духовни қасиеті басым.
Сонымен Фейрбах аспандағы құдайды сүйреп әкеп талақша жерге соғып, оның орнына адамды құдай өтіп қояды. «Мемлекеттік дін” христиан дінін адам баласына бір біріне байланыстыратын дәнекер етеді.
Сұлтанмахмұт те Фейрбах сықылды өзін арандай қоршаған шырмаудан шығайын десе де шыға алмайды, шындыққа қарай жол таба алмайды. Сұлтанмахмұт те Фейрбах сықылды адамды қанша ардақтап, дүниеден жоғары қойса да адамның қоғамдық қарм-қатнастың жемісі екендігін, оның қоғаммен бірге өзгеріп, екінші жағынан жаратылысқа активни әсер етіп, үнемі өзгертіп отыратын өндіріс күші екендігін түсінбеген Шындығында адам мифологияның геройы емес, қоғамдық қарм-қатнастың жемісі.
Сұлтанмахмұт өзінің осы идеясын Толстойдың “ғылымымен» будандастырады. Бірақ бұл әрекет ешқандай жаңалық бермейді. Ақын адасады, ізденеді.
Сұлтанмахмұт өзінің адасқандығын “Адасқан өмірде» жақсы айтады. Адасқан ақын әділдіктің “жаңа” жолын табады. Оның көзіне ең адал адам Айса, әділдікке жету Айсаның туын ұстау болады.
“Айсаны адам аузы қарғай алмас
Өзі өлсе де аузынан аты қалмас,
Неғұрлым ай мен күндер өткен сайын
Айса тірі, алғыс жоқ оған бармас
Қолыма соп Айсаның туын алсам,
«Әділдік, жақындық!» деп айғай салсам,
Атым тірі қалмай ма өлген мен де,
Ісім сөнбес мен сөніп көрге барсам»
(Жинақ См 3931.)
- деп данышпан ақынымыз отты жүрегін майға суарып Толстоймен
қатар ивангелияны кеудесіне соғып, Айсаның алдында «менің сақтаушым!» деп бас иеді.
Толстой біреу емес екен. Біріншісі: протестант, шіріген патшалы Ресейдің сыншысы — ұлы реалис, қалықтың досы, миллиондаған еңбекші шаруаның қорғаншысы. Екіншісі: христиан дінінің өкілі, ивангелияны, сүйіспеншілікті, «зұлымдыққа қарсы шаппауды» үгіттеуші мистик діншіл Толстой. Толстой өмірді суреттегенде, «орыс революциясының айнасы»”, ол Лениннің бағалауынша, 1861жылдан бастап 1905-жылға шейін шаруалы Ресейді кеңінен суреттеп, алғашқы орыс револуциясының тарихи осал жақтарын көрсеткен. Ол қанауды, талауды шіркеудегі дін адамдарының көз бояушылығын көрсеткенде Ресейдегі үстемдік еткен, қалқтың қанын сорған паразит таптардың шиновниктерді, үкіметтің бюрократты аппаратын сынағанда толстовшинадан құтылады. Сүйте отырса да өзінің данышпан шығармаларының қортындысында патриархалды шаруаның идвологиясында қалып «дауыңды да, досыңды да сүю» деген қортындыға келеді.
Міні біздің Сұлтанмахмұт та осы типтес қайшылықта қалады. Ол адам айтқысыз ызалы ашумен қанауға қахарын төксе де, өмір бойы жарық сәуле көрмей байлардың езуінде күні өтіп жатқан кедейдің ұлдарының халын көріп, ұшып көкке шығып, ұшып жерге түседі.
“Дүниеде ақыретте байлар үшін,
Шүкірлік қыл деп тағы бергеніне,
Байларға егіз болып өту үшін
Дүниеге шынымен ақ келгенім бе,
Шөп бермей ме өгізге өлмесін деп,
“Жұмыс иесіз қалады өлген соң” деп,
Сол секілді кедейге жазған ма:
“Өлмесін басқа рақат көрмесін» деп.
Жұмыстан арықтаса, өгіз қажып,
Жіберер “семірсін деп бойын жазып»
Кедей қажып жұмыстан халы кетсе,
Енесіне кім берер оның азық?»
Ақын кейінгі екі поемасында кедейдің өмірін толық суреттейді. Ол кедейдің басынан кешіретін барлық ауыр күнді өзінің басынан өткізген бейнеті етіп көрсетеді, Сұлтанмахмұт кедейлік байлықтың жай ғана теңсіздік емес, әлеуметтік тамыры барлығын енді анық көреді.
Сұлтанмахмұттың шығармаларының көпшілігінде (әсіресе «Әжібай болыс”, “Қамарда”) ұсақ байшылдықтың иісі шығып тұрады.
Ақынның шығармасын тексере оқып, қорына келсеңіз оның ұсақ буржуазияшыл демократ, бұқарашыл ақын екендігін жақсы көруге болады. Сұлтанмахмұттың мұнысынан оның қалққа жақындығында, қалқшылдығында, оның осалдығында әлсіз жақтардан да оны анық көруге болады. “
Сұлтанмахмұт реаксия жылдары көзіндегі, онан бергі қазақ қалқының басындағы осы ауыртпалықты көзімен көрді. Ішсе тамаққа, кисе киімге жарымай, көрінгеннің тепкісінде өмірі төуелді болып өскен Шоқпыттың жетім баласының жүрегінен бұл қайғы кең орын алады. Бұл қайғы оның жүрегіне қара тастай болып шөкті. Сұлтанмахмұт шығармасында осы өмірдің картинасын берді, талантты кемеңгер ақын әсіресе ақырғы екі поемасында бейнет көрген, жапа шеккен миллионның тынысын білдірді. Сұлтанмахмұттың бұл поемада төгіп-төгіп алатын ауыр қайғысы бүтін қазақ қалқының басына түскен осы ауыртпалықтың зардабы. Онда ешқандай торығу пессимизм, иа “өлімнің символы” жоқ. Ол айдау тек жала.
Сұлтанмахмұт тек шыншыл, шындықшыл болып қоймай өзінің системаға қарсы наразылығы арқылы, байларға деген өшпенділігі, оған қарсы күреске шақыруы, сол күресті көксеуі арқылы бүгін қазақ еңбекшілерінің револуциялық духын көрсетті. Сұлтанмахмұт револуционер емес, бірақ ол обьективни, револуцияшылқалықты көрсетті. Олардың патша үкіметіне, байларға деген өшпенділігін қайнаған кегін көрсетті.Ұлы реалис бүтін бір дәуірдің айнасы болуға жарады, дәуіріндегі қалқтың жақсы сезімін, тілегін, талабын көрсетті. Сұлтанмахмұт бұл арада ұсақ буржуазияның дүниеге көз қарасының рамкасын сындырып, ұлы классик Абай, Толстойдың традициясын сезіп, дүние әдебиетіндегі дана жазушылардың қатарында болды.
“Деген бар “бәрекелді” құлды өлтірер,
“Бәрекелге” мұнан соң кім тентірер?
Болғаным “бәрекелшіл» байға жақсы
Бейнеттен басқа өзіме не келтірер?
Рас мен бәрекелшіл болғанымда
Бай жұмысынан жанымды қорғадым ба?
Аз ішіп, жұмыс болса артық істеп,
Өмірді “бәрекел» мен оңдадым ба?
— деп келіп ақын:
Әзезіл жүрегіме салшы бүлік,
Жұрт десің мейлі жынды, мейлі жүлік
- деген кеудесін кернеген ызалы ашумен зұлымдыққа қарсы басын көтерсе де, жүрегінен терең орын алған аясы тар Толстойдың “ғылымының” ішіне бұл ашу симайды.
Мне бұл жағынан біз Сұлтанмақмұттың идеясының алдында бас иіп, иа “қазақ жағдайы» деген жатты сөзге сүйеніп, біздің осы күнгі кейбір әдебиет тарихшыларымызша скитка бере алмаймыз. Біз Сұлтанмахмұттың үш ұлы тарихи кезеңдерді, 1916 -жылғы қалқының ұлт бостандығы үшін құралды көтерілісін, 1918-20 жылдардағы азамат соғысын басынан кешіріп отырып, және қазақ еңбекшілерінің совет үкметі үшін күресі-идеалы ешқандай әсер ете алмағандығын жасырмаймыз. Сонымен Сұлтанмахмұттың идеалогиясы ұсақ байшылдықтан аспайды. Біз жоғарыда айттық: Сұлтанмахмұт Фейрбах сықылды адамды өте жоғары қояды. Ол адамды жанды жансыз дүниенің тұтқасы етеді. Дүниедегі өнер, ғылым, мәдениет барлығы да себептің желісі, себепсіз ешнәрсе пайда болмайды. Ал сол себепті жаратушы — адам. Олай болса Сұлтанмахмуттың адамы көктегі “әмірі күшті алладан” бірде кем емес. Бірақ ол адамның жаратылысты өзгертетін револуциялық күшінен духовни күшін жоғары қояды. Бұданда Сұлтанмахмұттың 1917-жылғы екі револуцияны тіпті түсінбегендігін көреміз.
“Ойласам дүниеде қанша адам бар:
Адам бар, ағаштар бар, мал мен аң бар
Жанды жансыз нәрсенің бәрі дағы
Әр себептің жемісі байқасаңдар.
Мал болмақ, маймыл болмақ, адам болмақ
Қасқыр болмақ құс болып ұшып қонбақ.
Сол болғандар болмаған өздігінен
Болғызған еріксіз бір себеп қолдап
Адамға бұл себептің бәрі мәлім,
Біледі салған сайын мидың әлін.
Себебін біле-біле бір кездерде
Жаратуға тек мүмкін қолдан бәрін
Себебті ажырата алар адам қолдан
(Жері осы қайуандардан артық болған)
Себебті жарата алу арқасында
Адамзат еңбегінен егін орған,
Дүниедегі өсу (даму) ағымындағы заттарды алып қарасақ біздің
көзімізге ең алдымен түсетін нарсе қоғамдағы, жаратылыстағы шексіз ,
ұзыннан ұзақ құбылыстардың (қозғалыстың түрлерінің) желісі. Адам
баласы осы бірінің соңынан бірі ілесіп жатқан көрмегендерінің пайда
болуына мүмкіндік туғызады. Күні бұрын сол дүниеге келетін
тыстың (қозғалыстың) көлемін мөлшерлеп, онан арғы даму жолын белгіледі. Міні осы сықылды есепсіз табиғи қозғалыстардың жүйесі бізге себеп және оның салдары түсінік береді.
Ал бұл ағымда адам баласының ролі өте күшті, адам жаратылысты өзгертіп отыратын өндіріс күші, сондықтан өзінің күн көрісіне жағдай туғызып, жағдай жасайды.
Ал жаратылыстағы себеп пен салдардың адамның ойымен қандай қатынасы бар, жаратылыс және қоғамның обиективтік заңдарының адамның ой санасына ететін әсері қандай, байланысы қандай, міні бұған Сұлтанмахмұт тоқтамайды. Сұлтанмахмұт адам баласы себепті жарататын, “құдай» емес, табиғаттың заңына сүйеніп себепті туғызатын, болашағын болжап мүмкіндікті шындыққа айналдыратың жаратылысты тани отырып, оған саналы әсер өте отырып жаратылысты өзгертетін күш екенін жақсы түсінбейді.
Міні, осыған қарағанда Сұлтанмахмуттың адам бірде шындыққа жақын жаратылысты танитын адам болса, екінші жерде шындыққа жатпайтын фантазиямен мың есе өсірілген геркулеске ұқсас романтикелік шидың жемісі. “Адам жаратылыстың заңдарының жаратушысы» деп ұран тастаған Пирсонның (Англияның философы) ұранына Сұлтанмахмұттың “себепті жарата алар адам қолдан жері осы қайуандардан артық болған» деген өлеңі аса ұқсас.
Сұлтанмахмуттың жоғарыдағы бір келтірген өлеңі өзінің қайшылығы арқылы біздің арамызға талас мәселе қалдырған сықылды.
Міне осыған тоқтап өтейік:
“Ойласам дүниеде қанша жан бар;
Адам бар, ағаштар бар, мал мен аң бар.
Жанды-жансыз нәрсенің бәрідаға
Әр себептің жемісі байқасаңдар.
Сұлтанмахмұт дүниедегі тіршіліктің бәрідағы себептің жемкі,
ешнәрсе себепсіз жаратылған жоқ, дейді.
«Адамға сол себептің бәрі мәлім
біледі салған сайын мидың әлін
Адамға сол себептің жемісі болса жаратылысты қоғамды тану арқасында себептің бәрін біледі, оған себеп атаулы мәлі болады. Міне Сұлтанмахмұт мұнымен тоқталмайды өзіна қарсы шығады.
Себепті жарата олар адам қолдан,
Жері осы қайуандардан артық болған
Себепті жарата алу арқасында
Адамзат еңбегінен егін орған
Мұнда адам дүниенің тұтқасы, жаратылыстың заңдарының себептерінің жаратушысы жай табиғи адамнан тыс аспандағы құдайға теңеліп кетеді. Бұл адамның жаратылысқа нұсқау беріп, оны машинадай басқарып отырғаннан басқа ешқандай байланысы жоқ. Дүние оның қолындағы қуыршақ жаратылыстық заңын танудың оны өзгертуге әсер етуге ешқандай керегі жоқ.
Сұлтанмахмұттың адамға идеалистік көз қарасын дәлелдеу үшін екінші келтірейік. Сұлтанмахмұт өзінің бітпей қалған « Социолизм»» деген шығармасында адам баласының басына сивилизациямен қатар туып отырған бақытсыздықты, адам баласының бір-біріне қайырымсыздығын адам баласының духовни күшінің артта қалып, творшестволық күшінің тән аздығының өсіп кеткендігі, адамның өзінің ішкі дүниесінің өзгертпей, тек мәдениетті өсіріп, өндірісті ұлғайтқандығынан дейді. Мұнда біріншіден Сұлтанмахмұт адамның қоғамдық қарым-қатынастың жемісі екенін, адамның ой, санасының сыртқы өмірмен, айналамен, қоғаммен байланысын түсінбесе, сана мен материалдық дүниені бір-біріне айрып, екеуін бір-біріне қарсы қойса, екіншіден, адамның духовни қуатын бірінші орынға қойып, жаратылыс екінші орында қалады. Бұдан шығаратын қорытынды Сұлтанмахмұт разумды, жаратылысты бүткіл қоғамның тұтқасы, рукаяткасы етеді де, қоғамды, жаратылысты, оның заңдарын соның жемісі етеді. Осыған байланысты дух бірінші болып, метерия екінші болып қалады. Бұл қаны шыққан идеолизм. Бұл арада оның Фейрбахпен ұқсастығы күшті.
Сұлтанмахмұттың адамның ролін соншалық биік сатыға, мифалогиялық геройдың қатарына шейін көтеруін матерализм дей алмаймыз. Өйткені Сұлтанмахмұттың адамды жаратылыстың, қоғамның себептері еткенімен біріншіден бұл адам реални қоғамдық емес те, екіншіден құдайға қарсы емес. Сұлтанмахмұт матералис емес, сондықтан көкте «құдай» тұрғанда адам себепті жарата алмайды. «Құдай» өлмей, адам «құдай» бола алмайды, сондықтан Сұлтанмахмұт матералис болу үшін, аң әуелі құдайдан құтылуы керек те, адамды шындыққа жақындатуы керек.
Сонымен бұдан шығатын қортынды Сұлтанмахмұттың қоғамға, ондағы адамдарға көзқарасы идеалистік көз қарас. Сұлтанмахмұт өзінің философиялық көз қарасында себеп және оның салдары, қоғамдағы адамның ролі туралы сөз қозғағанмен адамға, оның қоғамына матералистік көз қараспен қарай алған жоқ. Онымен қатар Сұлтанмахмұт дінге одан бұрын болып көрмеген соққы берсе де, обиективни оны зиянды, залалды, адамның жауы, індет өтіп көрсетсе де атеис-материалыс қатарына жәте алған жоқ. ”
Сонымен Сұлтанмахмұтша: қоғамдағы зұлымдық арамдық, оған қарама қарсы жатқан әділдік, достық, махаббат, барлығы да себептің жемісі. Әділдікті, жақындықты қолдан жасауға болады. Ол адам баласының ырқындағы нәрсе, ол үшін тек жан азығын молайту керек. (Бұлай болса бек мүмкін адамзатты, әділ қылып, үйір қылмау жамандыққа).
«Туыстағы мінезді ешкім жеңбес,
Адамды әділ қылу қолдан келмес.
Түзесе жаратылыс өзі түзер,
Дегенге ешқашан да көңлім сенбес.
- деп Сұлтанмахмұт:
Келдіңдер сол себепті жаратуға,
Жаратып ап өмірге қаратуға:
Адам ұлы дүниеге жіберілген
Себепті бағындырып қаратуға»
- дейді. Бұл өзінше ұран. Бірақ револуциядан іргесі алыс ұран. Сұлтанмахмұт мұнысын күрес дейді, байларға қарсы тамтығым қалғанша күресуге дайынмын дейді, ап күресінің формасы осы. Осыдан аса алмайды. Ал енді біздің сыншыларымызды таңдандыратын бір нәрсе Сұлтанмахмұт, батыстағы кейбір ұсақ буржуазияның қатарында жатса да, батыстағы кейбір уақ буржуазияның оқығандарына тән писсизм, торығу, бұдан ешнәрсе шықпайды деп қайғының жемі болушылық жоқ, қайта: ұран тастайды, даусын бір төмендетпей:
«Келіңдер сол себепті жаратуға», деп күшті сеніммен алға басады. Бұнда ешқандай жұмбақ сыр жоқ. Сұлтанмахмұт бұл кезде тоқтаған, тұрған, қалған адам емес, үздіксіз өсі дәуірінде, және Сұлтанмахмұт револуционни қазақ қалқының күшті ағынымен ілесіп келеді. Сұлтанмахмұт кезінде басын көтеріп қалқтың иедалына жетекші болмаса да, көп кешіксе де өзінің қалққа жақындығымен ұлы думанның соңынан еріп келеді. Бірақ ол тілегіне жөте алмай, — ұлы думвнғак жете алмай өліп кетті. Соның үшін Сұлтамахмұтта ешқандаймистика болуға мүмкін емес. Екінші бір жерде Сұлтанмахмұт Руссо сықылды жеке меншік адам баласының бақытсыздығын басты себебі, «жойылсын!» «құрысын» жеке меншік дейді.
Жоғалсын бұл мөнікі, сенікілік,
Осы ғой адамзатты қырған індет,
Бұл Сұлтанмахмұттың жеке мәншік дүниесіне қарсы жұмсаған қаруы.
Сұлтамахмұт қазақ қалқымың дана реалис, демократияшыл жазушы, ол қазақ қалқының досы. Өйткені оның ойы, оның қиялы, оның мақсаты, оның күресі — бүгінгі біздің ісіміз, бақытымыз. Онымен қатар арқасына жауыздықтың аязы батып, өмірін жоқшылықпен өткізген қалқтың ісінің болашағынан күдер үзбеген, ақырғы минутына шейін идеясын, ісін сүйген оптимис. Бұл сияқты қасиет біздің заманымызда коммунизмнің активни құрушысына тән және керекті басты қасиет
«іштен өсіп адамдық,
Сырттан өсіп жамандық
Тазарып әбден көткенше
Талай шаштар ағарып
Талай тәнді жер алар,
Талай буын суалар»
— деп Сұлтанмахмұт бостандықтың, бақыттың күні алыс деп түсінсе де, жалықпай, шаршамай, байлыққа, шен-шекпенге алданбай, «шындыққа» бел байлаған ақын. Оның жүрегінің жалынды оты қабырына өзімен бірге кірді. Бұл үлгі. Біз Сұлтанмахмұтты осы жағынан сүйіп, осы жағынан бағалаймыз.
Сұлтанмахмұтты қазақ қалқы ешқашан да ұмытпайды
ЕСКЕРТУ: С.Айтмұқанов шығармаларындағы ескі фонотокалық дыбысталулар өзгертілмей жіберілді. Біздің мақсатымыз қолтанбасын сол қалпында оқырманға таныстыру.
Серік МҰСТАФИН,
саясаттанушы, Қарағанды облыстық қазақ тілі және мәдениеті бірлестігінің мүшесі
