БӘРІ ЕСІМДЕ

Қара жер қозғалса да, қозғалмайтын, салмақты қалпынан танбайтын, сабырлы мінезімен жүрек жылытатын, ардақты заңгер Балапан Зипатоллаұлы Әбенов ініміздің кең пейіл жүрегі 2016 жылы мәңгілікке тоқтады.

Ардақты әке, бар саналы өмірін Қарағанды облысында құқық қорғау органдар саласын арттыруға

арнады.

Өткен ғасырдың 90 жылдары, алты жыл бойы біз Теміртау қаласында бірге прокуратурасын

басқардық.

Білікті заңгер, білгір мемлекеттік қызметкер ретінде, қайсыбір қызмет тізгінін ұстамасын, өзінің іскерлігімен, жанашырлығымен, жинақылығымен ерекшеленді.

«Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойлан, шырақ!» – деп ұлы ғұлама Абай айтқандай, әрине өмірдің заңымен адамдар өмірге келеді, кетеді.

Яғни, адам мәңгілік емес, фәниден бақиға өту бұлжымас қағида.

Өкініштісі адамгершілігі мол, жандүниесі терең адамдар ұзақ өмір сүрмейді дейді Атам Қазақ.

60 жасқа жетер жетпес шамада, мағыналы, мазмұнды өмір сүрген әріптесіміз, досымыз Балапан Зипатоллаұлы, «Қара жерге қимайтын» ардақты азамат есімі мәңгі достарының жүрегін қалды.

Қалай болғанда да мезгіл өте келе қайғының орнын сабыр басады, ал шарасыздықтың орнын шүкір басады.

Бірақ, адам ұмытылмақ емес, әрбір пенденің артында жүріп өткен өмірі, халқына жасаған жақсылығы, басқа да ізгі істері қалады, таразыға салынады.

Иә, жақсы адамды жұрт сағынады. Көңіл түкпірінде оған деген сарғайған сағыныш орын алады.

Мен Балапанның жылы жүзін жиі еске түсіремін, оның шымыр бейнесін қара жердің қойнына қимай, көз

алдымнан бірге қызметтес болған шағымыз, өткен күннің сағымына ой тігемін.

Сөйтіп, уақыт жылжыған сайын жаны жайдарлы жанның жарқын келбетін, өзіне ғана тән күлкісін аңсаймын.

Қандай заңға қатал бағынатын заңгер болсада, ол сол қол астында істейтін адамдарға көмек қолын созып, айналасына мейірімін сыйлайтын іскер азамат еді.

Қазір қарап отырсақ, күйбең тіршіліктің қамымен жүріп, көп нәрсенің қадірін біле бермейді екенбіз.

Балапаның отбасында бүгінде, оның құдай қосқан қосағы Бота атты жарымен бірге өсірген ұлы, қызы мен немересі бар.

Біздің рухани өміріміз азаматтардың құқықтарын қорғау болғандықтан, өмірімізге қауып күнде тумағанменен, сақтық пен заңдылық қағидасын ұстау прокурорлардың негізгі принципі болатын.

Теміртау қаласы өткен ғасырдың 90 жылдары 310 мың тұрғынымен, Қазақстанда 7 орныдағы Кеңес Одағында белгі қала болатын.

Ал қылмыстық әрекеттер бойынша өте криминогенді болып есептелетін.

Сондықтан болар біздің теміртаулық командымыз қате жіберуге правамыз болмайтын, бұл Қазақстанның тұңғыш Президентінің қаласы деп, Балапан екеуміздің сол кездегі мақсат – қала прокуратурасының заңдылықты қадағалау, тергеу жұмысын сапалы сатыда ұйымтастыру басты мақсат еді.

Қазақ Еліне белгілі ауыр жылдар, 1992 жылдың ортасында мен Теміртау қаласы прокурор болып тағайындалдым, Балапан Әбенов, Марат Ахметжанов тергеушілер, негізгі жұмыскерлер саны 20 адам, канцелярияны қосқанда. Қала бойынша 7 000-нан аса қылмыстық ісіміз бар, міндетті түрде түн ортасына дейін жұмыс істейміз.

Теміртау қаласы әкімі Камалтин Мұхамеджановтің көмегімен бізге, Таксопарк күн сайын, кезекшілік үшін 2 такси бөлінді. Соның арқасында, керек куәгерлерді машинамен алдырып жауап алынғаннан кейін үйлеріне апарып тастаймыз. Айтайын дегенім, қазір ойлаймын, қалай сол кезде біз қылмыстық істерді негізгі тергеуші екі жас жігіттер, барлық процессуалдық, тергеу амалдарын қалай қамтамасыз еттік екен, түс сияқты.

Негізгі ауыртпалық Балапан мен Маратқа түсетін. Ол кезде қазіргідей оргтехника жоқ, қағазды, копирканы, баспа машинканы Балапан табатын. Оның бәрі біздің есімізде, кейбір қылмыскерлер бізге өлтіреміз сіздерді деп қорқытатын. Сонда бәрімізде баспанамызда жоқ, кейде прокуратурада қона саламыз.

Мен қазір зейнеткермін ғой, ойлаймын Қазақ Елінің, тәуелсіздігінің қалыптасуында Балапан Зипатоллаұлы Әбеновтың еңбегі зор.

Жарықтықтың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, Алланың панасында, иманы саламат, жаны жәннәтта болсын деп тілеймін!

Дәулеткерей РАХМЕТУЛЛИН,

ҚР Бас Прокуратурасы Зейнеткері,

Юстиция аға заң кеңесшісі