МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас мамандары Сымбат Амангельдиева және Анна Вабищевич Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстау талаптары, қоғаммен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау мәдениеті туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар берілді.