МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Макeев Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Тайжановтың қатысуымен Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Кездесуге облыстық басқармалардың басшылары, ауылдық округ әкімдері және өңірдің өзге де мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасарымен мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын бұлжытпай сақтауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.
Әділ БЕК
