Қарағанды қаласында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Кеншілер мәдениет сарайында Наурызнама бағдарламасы аясында Ұлттық киім күніне арналған «NAURYZ – FASHION» этно-заманауи киімдер фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты мен міндеттері: дарынды дизайнерлердің туындыларын халыққа таныту, этно-заманауи киім үлгілерін насихаттау, дизайнерлік бағыттағы дарындарды қолдау, қолөнер шеберлерін қолдау, оларды бір-бірінен үлгі алып, тәжірибе алмастырту, сонымен қатар, халық мұрасын ұлықтап, қайталанбас мәдениетті дәріптеу, этно-заманауи стилін күнделікті қолданыста пайдалану мақсатында насихаттау.
Фестивальге жергілікті 9 дизайнер мен тігіншілер қатысты. Айдиллаева Ұлжан Байзаққызы, «Ұлжан» сән үйі. Жарылханова Гүлнұр, «ATELIER_GULNUR_STUDIYA» тігін студиясы. Индира Белғазы, «KORKEM brand» балаларға арналған замануи тігін үйі. Салия Бейсенова, «SaLIYA» арт студиясы. Дүйсенбаева Арман Үмбетханқызы, «Duy.dream» ательесі. Цель Снежана Нұржанқызы, «Qushaqta» бренді. Амантаева Раушан Алдамұратқызы, «Samga» ұлттық киімдер ательесі. Федосенко Людмила Петровна, «Nuramy» компаниясы. Шульц Евгения Шарафутдиновна, «Eve Art» бренді.
Фестивальге қатысушы шеберлерге диплом, статуэтка, ақшалай сертификат (100 000 тг) табысталды.