Президент “Түркістан” газетіне берген сұхбатында ірі бизнесмендерге ой салар сөз айтты. Бұл сөзді Мемлекет басшысы олармен кездесуде де жеткізген. «Қоғамның игілігіне қызмет ету мәртебелі парыз екенін олардың есіне салдым» дейді Президент. Әрине, бұл сөз қоғам алдындағы азаматтық жауапкершіліктің мәнін терең ашады. Яғни әрбір кәсіпкердің басты мақсаты жеке мүддесі емес, халықтың әл-ауқаты болуға тиіс екенін білдіреді. Қоғамға адал қызмет ету – тек міндет қана емес, үлкен абырой мен сенім. Ал мәртебелі парыз ұғымы адамнан адалдықты, әділдік пен жанашырлықты талап етеді. Ел тағдырына жауапты азаматтар халықтың үмітін ақтап, мемлекет дамуына өз үлесін қосуы қажет деп ой түйеміз.
