Облыс әкімімен кездесу қорытындысы

Облыс орталығында Қарағанды өңірінің басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен екі кездесуде тұрғындар 150 проблемалық мәселені көтерді. Олардың көпшілігі шешілді.

54-і бақылауда.

Сұрақтар негізінен абаттандыру, балалар алаңдарын жөндеу, жолдардың жай-күйіне қатысты болды.

Мысалы, Пришахтинск тұрғындары Методическая көшесі 17-ші үйінің ауласында және 21-ші шағын ауданда балалар алаңын жөндеуді сұрады. Жұмыстар орындалды.

Ал 21-ші шағын аудандағы 14-ші үйдің ауласында кіреберістердің алдына асфальт төселді. 22-ші шағын ауданда бұрынғы газгольдер аумағы ретке келтіріліп, коммуникациялар бөлшектелді.

Тұрғындардың өтінішінен кейін Жамбыл көшесі, 177 мекен-жайындағы саябақ абаттандырылды. Төсеніш төселді, балалар әткеншегі, воркаут алаңы орнатылды, жарықтандыру жасалды.

ЖБИ ауданының тұрғындарын қараусыз қалған көпқабатты үйлердің тағдыры қызықтырды. Стахановская көшесіндегі екі үйді қалпына келтіру мәселесі шешілді: қажетті құқықтық рәсімдер жүргізілді, қазір қайта құру жобасы дайындалуда.

Саяжай тұрғындардың өтініші бойынша Федоров су қоймасы аймағында ескі электр бағаналары ауыстырылды.

Жолдарды жөндеу бойынша да бірқатар шешімдер бар. Сұрыптау станциясында проблемалық учаске жөнделді.

Фин ауылының тұрғындары шұңқырларды жөндеуді сұрады, жұмыстар ішінара орындалды және 2024 жылға жөндеу жұмыстары жоспарланды.

Бұдан басқа, келесі жылы қаланың жеке секторындағы автожолдарды жөндеу жалғасады.

Сондай-ақ, жылу желілерін оқшаулау мәселелері көтерілді. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде, жылу желілерін оқшаулауды жаңғырту жалғастырылатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *