Жастар саясаты қалай жүрді?

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынның төрағалығымен өткен өңірлік жастар ісі жөніндегі Кеңестің қорытынды отырысында 2023 жылы қол жеткізілген нәтижелер талқыланып, келесі жылға жоспарлар белгіленді.

Атқарылған жұмыстар туралы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов баяндады.

Оның айтуынша, биылғы жылы жұмыссыз жастар мен NEET санатына, жастарды жұмысқа орналастыру және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Жастар саясатын іске асыруға 14 жастар ресурстық орталығының қызметі ықпал етеді. Балалар үйінің түлектері үшін ЖРО психологтары мен заңгерлері кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетеді. Облыс өңірлерінде жаңа нысандар ашылды: Ақтоғай ауданында коворкинг, Теміртау қаласында Жастар орталығы, Қарағанды медицина университетінің студенттеріне арналған 400 орындық жатақхана. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ-де 500 орындық жатақхананың құрылысы басталады, – деді Біржан Әлімжанов

Жастарды жұмысқа орналастыру биліктің басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Бұл бағытта «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» сияқты мемлекеттік жобалар іске асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 14 мыңнан астам қарағандылықтарды жұмыспен қамту шараларымен жұмылдыруға мүмкіндік туды.

Жыл сайын облыс әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға гранттары бөлінеді. 2023 жылы 50 әлеуетті бизнес-жоспар мақұлданды. Биыл іске қосылған жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жеңілдетілген шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 365 несие берілді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету де маңызды мәселе. Биыл 121 пәтер берілді. Сондай-ақ, жас мамандар үшін Өңірлік Ипотекалық бағдарлама жұмыс істейді. 2023 жылы алғаш рет оған Теміртау моноқаласының жастары қатысты. Бағдарламамен облыстың басқа өңірлерін қамту және «жетім балалар» санатын қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ, отырыста жастардың мәдени бос уақытын қамтамасыз ету және бұқаралық спортты дамыту мәселелері қаралды.

– Жастар саласында шешілмеген мәселелер қалса да, орасан зор жұмыс атқарылды. Ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс істеуге, жетім балалар бойынша жұмысты күшейтуге көп көңіл бөлу керек, – деп атап өтті Ерлан Құсайын. – Кеңестің әрбір мүшесі патриотизмнің, парасаттылықтың, адалдықтың елшісі болуға тиіс. Біздің әрқайсымыз осы ұғымдар мен құндылықтарды көпшілікке жеткізуіміз керек. Сонда ғана біздің жұмысымыздың мәні болады.

Отырыс соңында жастар ісі жөніндегі кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *