Қарағандыда Наурыз мерекесі қарсаңында «Қолөнер — рухани жан серігің» атты жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Шара үш күн, 15–17 наурызда облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтеді. Жергілікті қолөнер шеберлері өз бұйымдарын ұсынады.
«36 шебер қатысады. Жәрмеңкеде этностильде киім, тұрмыстық заттар, кәдесыйлар және т. б. сатып алуға болады», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Жәрмеңке 15, 16, 17 наурызда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Мұражай Бұқар жырау даңғылы, 76 мекенжайында орналасқан.
Телефон: (8-7212) 479-185, 478-700.