Өтінім қабылдау басталды

Қарағандыда жас кәсіпкерлер өз бизнесін дамытуға 1,5 млн теңге ала алады. Қала әкімінің гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 1–30 сәуір аралығында өтеді.

Қатысуға 18 жастан 35 жасқа дейінгі бизнесін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп тұрған жас кәсіпкерлер шақырылады. Конкурс туралы толық ақпаратты мына мекенжай бойынша білуге болады: Гоголь көшесі, 31, 204 кеңсе. Телефондары: 8-701-377-42-11, 8-700-526-28-88.

Осыған дейін грант алып, ісін ілгерілеткен кәсіпкерлер бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырады.

– 9 жылдан астам уақыт бойы біз өз компаниямызды дамытып келеміз. 2022 жылы масштабтау кезеңінде Қарағанды әкімі грантына конкурс жеңімпаздарының бірі болдық. Бұл қаражатқа қосымша жабдықтар сатып алынды. Бұл өндірісті кеңейтуге, жаңа бағытқа көшуге, команданы ұлғайтуға және ең бастысы – өңіріміздің дамуына кезекті үлес қосуға мүмкіндік берді. Егер сізде белсенді бизнес болса да, байқауға қатысыңыздар! – дейді Avishu тігін өндірісінің негізін қалаушы Виктория Пак.

Өткен жылы байқауға 75 өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 10 жоба қаржылық қолдау алды: шағын пішінді металл құю, дәнекерлеу цехы, пластикалық бұйымдарды термоформалау, нейротиптік балаларға арналған сенсорлық интеграция кабинеті, көпсалалы білім беру орталығы және т. б.

Грант беру ережелерімен Instagram-да сілтеме бойынша танысуға болады https://www.instagram.com/apko.09/.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *