2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындылары жарияланды

Бүгін ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын жариялады. Деректер stat.gov.kz сайтында «2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» бөлімінде орналастырылған.

Екінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (БҰҰ ФАО) қолдауымен 2025 жылғы 1 тамыз-20 қазан аралығында өтті. Ол шамамен 20 жыл ішінде осындай көлемдегі ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген алғашқы зерттеу болды және 2006-2007 жылдардағы алдыңғы санақ кезіндегі өзгерістерді бағалауға мүмкіндік берді.

Қарағанды облысы бойынша санақпен 9,6 мыңға жуық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен 70,7 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды қамту 95%  құрады.

Деректерді жинау цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүргізілді. Онлайн-санақтан ауыл шаруашылығы құрылымдарының 99%-ы және жеке қосалқы шаруашылықтардың 18%-ы өтті. Респонденттерге барған кезде интервьюерлер планшеттердегі санақ парақтарын толтырды.

Санақаралық кезеңде ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны екі есеге– 4,7 мыңнан 9,6 мыңға дейін өсті, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны төрт еседен астамға – 237 – ден 1010-ға дейін, ал шаруа және фермер қожалықтары мен ЖК — 4,5 мыңнан 8,6 мыңға дейін өсті.

Санақ қорытындылары интерактивті виджеттер мен дашбордтарда, электрондық машинада оқылатын кестелерде берілген.

Интерактивті құралдар аумақтар мен шаруашылық санаттарын салыстыруға мүмкіндік береді, ал электрондық кестелер деректерді өз бетінше талдау үшін жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Негізгі көрсеткіштермен қатар агротехнологиялар мен цифрлық шешімдерді қолдану, кооперация, қаржыландыру мен инфрақұрылымға қолжетімділік туралы мәліметтер жарияланды. Олар мемлекеттік органдарға қолдау шараларын жоспарлауға, бизнеске – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктерін бағалауға, зерттеушілерге – саладағы өзгерістерді зерттеуге көмектеседі.

Ұлттық статистика бюросы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге және ел тұрғындарына санаққа қатысқандары үшін алғыс білдіреді!

2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://agro-census.stat.gov.kz/

 

Опубликованы итоги

Национальной сельскохозяйственной переписи 2025 года

Сегодня Бюро национальной статистики АСПИР РК опубликовало итоги Национальной сельскохозяйственной переписи 2025 года. Данные размещены на сайте stat.gov.kz в разделе «Национальная сельскохозяйственная перепись 2025 года».

Национальная сельскохозяйственная перепись проходила с 1 августа по 20 октября 2025 года при поддержке Продовольственной и сельскохозяйственной организации Объединенных Наций (ФАО ООН). Она стала первым за почти 20 лет обследованием аграрного сектора такого масштаба и позволила оценить изменения со времени предыдущей переписи 2006–2007 годов.

Переписью по Карагандинской области охвачено около 9,6 тыс. сельхозформирований и 70,7 тыс. личных подсобных хозяйств. Охват сельхозформирований и личных подсобных хозяйств составил 95%.

Сбор данных проводился с использованием цифровых технологий. Онлайн-перепись прошли 99% сельхозформирований и 18% личных подсобных хозяйств. При посещении респондентов интервьюеры заполняли переписные листы на планшетах.

За межпереписной период число сельхозформирований выросло вдвое – с 4,7 тыс. до 9,6 тыс. Количество сельхозпредприятий увеличилось более чем в четыре раза – с 237 до 1010, а крестьянских и фермерских хозяйств и ИП – с 4,5 тыс. до 8,6 тыс.

Итоги переписи представлены в интерактивных виджетах и дашбордах, электронных машиночитаемых таблицах.

Помимо основных показателей, опубликованы сведения о применении агротехнологий и цифровых решений, кооперации, доступе к финансированию и инфраструктуре. Они помогут государственным органам планировать меры поддержки, бизнесу – оценивать потребности сельхозпроизводителей, исследователям – изучать изменения в отрасли.

Бюро национальной статистики благодарит сельхозпроизводителей и жителей страны за участие в переписи!

Ознакомиться с итогами Национальной сельскохозяйственной переписи 2025 года можно по ссылке: https://agro-census.stat.gov.kz/