Олимпиадаға жолдама

Қарағандылық спортшы Ксения Игнатова олимпиада квотасының иегері атанды. Жүзуші түрлі әлемдік стартта жоғары жетістіктерді көрсетті, бұл оған 2024 жылғы Олимпиадада Қазақстанның атынан өкілдік етуге мүмкіндік пен құқық берді.

Париждегі ойындарда жүзуден Қазақстан құрамасына екі спортшы кірді. Әділбек Мусин (Астана қ.) 100 метр қашықтықта баттерфляймен өнер көрсетеді, сондай-ақ жүз метрлік фристайлға қатысады. Ксения Игнатова 100 метр қашықтықта жарысады. Төртжылдықтың басты жарыстарында жүзу сайыстары 26 шілдеде басталып, 4 тамызға дейін жалғасады.

Ал 2 тамызда Саран қаласының тумасы, Ә.Молдағұлова атындағы колледж мектеп-интернатының (Теміртау қаласының бөлімшесі) тәрбиеленушісі, ал қазір Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Ксения Игнатова 19 жасқа толады. Дарынды спортшы жүзуде биік белестерді бағындырып келеді. 2021 жылы Ақтөбеде өткен ҚР V Жастар ойындарында бірінші орынды иеленді. Ал 24-ші жылы 45 елдің спортшылары қатысқан Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Ксения бес медаль жеңіп алды, оның төртеуі алтын және екі континенттік рекорд орнатты. Оны Станислав Осинский жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Парижде өнер көрсетуге лицензияны батут гимнастикасында қарағандылық Данил Мұсабаев жеңіп алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *