Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев 6505 әскери бөлімінде қонақта болды

2025 жылғы 3 шілде күні Қарағанды қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6505 әскери бөліміне атақты спортшы, бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, халықаралық дәрежедегі спорт қайраткері Серік Сәпиев арнайы келді.

Серік Жұманұлының келуі — әскери қызметшілер үшін ерекше мәртебе мен зор мотивация болды. Іс-шара барысында танымал спортшы жеке құраммен кездесу өткізіп, өзінің спорттық жолы мен жетістіктері жайында әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ол әскери қызметтің маңыздылығына тоқталып, жастарға адал еңбек етіп, Отанға қызмет етудің жоғары борыш екенін атап өтті.

Кездесу барысында әскери қызметкерлер мен сарбаздар Серік Жұманұлына түрлі сұрақтар қойып, оның тәжірибесі мен өмірлік ұстанымдары туралы көбірек білді. Спорт саңлағы әскери бөлімнің спорт залын аралап, жас сарбаздардың физикалық дайындығына жоғары баға берді.

Іс-шара соңында әскери бөлім басшылығы Серік Сәпиевке алғыс білдіріп, арнайы естелік сыйлық табыстады. Ал сарбаздар өз кезегінде спорт саңлағымен суретке түсіп, ұмытылмас сәттерді есте қалдырды.

Серік Сәпиевтің келуі әскери бөлімнің рухын көтеріп, жеке құрамға шабыт берді. Бұл кездесу жауынгерлердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етті.
ҚР ІІМ ҰҰ “ Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *