Отшашуды абайлап ұста

Жаңа жылдық отшашу жаппай сатылымға шығатын уақыт та келіп қалды. Осыған байланысты Қарағанды-Сұрыптау станциясы Көліктегі полиция басқармасы  аумағында 5-12 желтоқсан  аралығында «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасының І кезеңі өтуде.

Аталмыш шараның мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін сақтауын тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізушілерді және оларды сақтау орындарын анықтау .

Шара барысында  көліктегі полиция қызметкерлері қызмет ету аумағында пиротехникалық өнімдерді кәмелетке толмағандарға сату деректеріне, сертификатталған пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз қолдану нұсқаулығы болған кезде, оларды сатуға арнайы белгіленген орындардан ғана сатып алуға ерекше назар аудара отырып, перрондарда, станциялар мен бақтарда  рейдттік шаралар жүргізуде.

Сонымен бірге ТЖД өртке қарсы қызмет бөліністерімен бірлесіп оқу орындарында мектеп оқушыларының  құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өртке қарсы және жеке қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары кең көлемде  өткізілуде.

Қарағанды-Сұрыптау ст.КПБ ӘПб