Рәміздерім – мақтанышым, мәртебем!

Отансүйгіштік – бұл адамның өз Отанын сүюі, оған деген мақтаныш сезімі, туған жерінің тағдырына жауапкершілікпен қарауы, елінің тарихын, тілін, мәдениетін құрметтеуі. Бұл — әрбір азаматтың жүрегіндегі терең сезім және ел бірлігінің негізі.

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрлері  Қ,Қ, Нұржанова, Г.Қ. Сағатовалар өздері сабақ жүргізген  ЛОГ-24-2, ЭЭ-24-4, ГПР-24-2, ЦаФ-24-4 топ студенттері арасында «Рәміздерім –  мақтанышым, мәртебем!» тақырыбына викториналық сайыс өткізді.

Ұлттық рәміздер – бұл әрбір тәуелсіз мемлекеттің егемендігін, тарихын, мәдениетін, рухын және бірегейлігін бейнелейтін маңызды белгілер. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты нышандары.

Ұлттық рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының азаматтық борышы мен патриоттық міндеті. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет елдің егемендігін, тарихы мен болашағына деген құрметті білдіреді.ҚР Конституциясының 9-бабына сәйкес, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың парызы.

Сайыстың мақсаты:

Студенттердің  ұлттық рәміздер туралы білімін бекіту.

Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Топтық жұмыс, белсенділік пен тапқырлықты дамыту.

Викториналық сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1-кезең: «Білгенге маржан» (Сұрақ-жауап викторинасы).

Әр топқа кезекпен ұлттық рәміздерге байланысты 5 сұрақ қойылады.

2-кезең: «Суретті сөйлет» (Тану кезеңі).

Студенттер ұлттық рәміздерге байланысты суреттер көрсетіледі (Ту, Елтаңба, Әнұран, ұлттық ою-өрнектер). Олар суреттегі бейнені танып, оның мәнін түсіндірді.

3-кезең: «Тұлғалар сөйлейді» (Жұмбақ тұлғалар).

Әр топқа тарихи тұлғалардың сипаттамасы немесе дәйексөздері беріледі.

4-кезең: «Жылдам бол!» (Блиц-сұрақтар).

Викториналық сайыстың ең үздік тобы – ЭЭ-24-4 тобының студенттері болды.

Алма АҚЫНЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Орыс тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *